Universities teachers involvement in international programs

Innovations in education are closely related to processes of globalization. Education of students in universities abroad should be considered as an integral part of changes, said Sahgdat Tajibayeva, Professor at  Al-Faraby Qazaq National University, in this paper.
Every year many teachers of higher educational sphere improve their professional level in foreign universities. A scholarship the Qazaqstan Ministry for Education and Science has provided, ‘The best teacher of university’, is very supportive, in moral sense as well. There are numerous scholarships for teachers and scholars to improve their level abroad the international organizations and private foundations have proveded…..

ЖОО оқытушыларының халықаралық бағдарламаларға қатысуы

Қазіргі заманда оқу ісіндегі инновациялар жаhандану үрдістерімен тығыз байланысты. Әлем университеттерінің өзара студенттермен алмасуы осы өзгерістердің бөлінбес бір бөлігі болып отыр. Оқытушылардың мобильдігіне келетін болсақ, жыл сайын талай жоғары оқу орындарының оқытушылары шетелдің жоғары рейтингті университетерінде оқу ісіндегі инновациялар бойынша кәсіби деңгейін жоғарылатып келеді. Бұл іске Білім және ғылым министрлігінің «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» гранты да едәуір моральдық және материалдық қолдау көрсетіп отыр. Сонымен қатар шетелде өз деңгейін жоғарылатқысы келген оқытушылар мен ғалымдарға арналған бірталай гранттар бар. Оларды бөлетін халықаралық ұйымдар мен жеке фондтар.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің химия және химиялық технология факультетінің оқытушылары да білім беру ісіндегі жаhандану үрдісіне белсене қатысып келеді. Осындай оқытушылардың бірі –аналитикалық, коллоидтық химия және сирек элементтер технологиясы кафедрасының доценті Әділбекова Ақбота Оразбакейқызы.
Ақбота Оразбакейқызы жуырда халықаралық «Эразмус+» бағдарламасы бойынша Польшаның Торун қаласындағы Николай Коперник атындағы университетінде  бір  апта бойы ағылшын тілінде сабақ беріп келді. Ол осы университеттің химия факультетінің «Косметикалық, медициналық және тағамдық химия» мамандығында бакалавриатта «Коллоидтық химиядан» дәріс беріп,  «Физикалық химия жэәне полимерлер» кафедрасының қызметкерлері мен докторанттарына семинар өткізіп қайтты. Семинар тақырыбы «Су-май эмульсиясының түзілуі мен бұзылуы» болды.  Семинар соңында кафедра ұжымы Қазақстан туралы, университетімізге қатысты көп сұрақтар қойып, біздің елімізге үлкен қызығушылық танытыпты.          Айта кетейік, Николай Коперник атындағы университет Польшаның алдыңғы қатардағы мемлекеттік университеттерінің бірі және сол елдің озық университеттер бестігіне кіреді.
А.О. Әділбекова  әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің химия және химиялық технология факультетінің түлегі, химия ғылымдарының кандидаты.  Өзінің еңбеккештігі мен талабының, таланты мен іздемпаздығының  арқасында кәсіби біліктілігін де, шет тілі деңгейін де көтеріп отырады. Қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде коллоидтық химиядан және басқа курстардан сабақ береді. Ағылшын тілінің деңгейі IELTS  сертификатымен расталған. Мұнайды деэмульсификациялау бағытында ғылыми зерттеулер жүргізеді.
Ғалым және ұстаз Ақбота Оразбакейқызының білім беру ісінде үлкен табыстарға жететіндігі сөзсіз.

IMG_0765-09-04-18-03-35
Доцент Әділбекова А.О. профессор В.Куявскимен, аналитикалық, коллоидтық химия және сирек элементтер технологиясы кафедрасының түлегі және қазір  Польшаның Николай Коперник атындағы университетінің Ph-докторанты Сағындықова Гүләйіммен және  бакалавриат студентімен.

 

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий