Талдықорған қаласының әкімі футбол алаңын ашып, балаларға доп таратты

Алматы облысының орталығы Талдықорған қаласының солтүстік аймағында футбол стадионы ашылды,- деп хабарлайды bilimdinews.kz аймақтық  taldykorgan-online.kz сайтына сілтеме жасап.

Жасыл алаңға арнайы келген қала әкімі жас жеткіншектерге доп таратып, өзінің жылы лебізін білдірді. Сондай-ақ, шаһар басшысы алдағы уақытта балалармен бірге футбол ойнауға ниетті екенін де атап өтті.

Жұмыс барысымен қаламыздың солтүстік аймағына келгенімде, осы жердің тұрғындары балаларға футбол ойнайтын алаң керек екенін айтып еді. Біз бұл өтінішті жерде қалдырмай, тез арада шешім қабылдадық,- дейі қала әкімі Ғалымжан Әбдірайымов.

Одан бөлек, қала әкімі жыл соңына дейін аула клубтарының балаларына 5 мың доп тарататынын айтты.

– Доп деген жақсы ғой. Балалар жазғы демалыста футбол ойнап, спортпен шұғылданады. Жас жеткіншектер — біздің болашағымыз. Сол себепті оларға қазірден көңіл бөлуіміз керек, — деді шаһар басшысы  Ғалымжан Райылұлы.

Футбол алаңынының ашылғанына әсіресе балалар дән риза. Бұрындары шөп басып, бос жатқан жерге енді жеткіншектер күнде келіп, доп тебулеріне болады. Себебі, қазір бұл алаңның шөбі қырқылған. Екі жағына қақпа орнатылып, стадионның сызықтары сызылып отыр.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий