М.Қозыбаев атындағы университеттің жұмысына сенатор Ольга Перепечина оң баға берді

Мағжан Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінінің жұмысымен Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Ольга Перепечина аймаққа жасаған іс-сапары барысында арнайы танысып, оң баға берді, – деп хабарлайды bilimdinews.kz порталы осы жоғары оқу орнының сайтына сілтеме жасап.

Солтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапарымен ҚР Парламенті Сенатының депутаты, Қаржы және бюджет комитетінің мүшесі Ольга Перепечина келді. Аймақ басшысының орынбасары Руслан Әлішевпен бірге ол біздің университетке аялдап, оқу орнының тыныс-тіршілігімен танысты. 

Меймандар “QYZYLJAR” студенттерге қызмет көрсету орталығының жұмысын бағамдап, жоғары медицина мектебінің зертханаларын аралады. Содан кейін М.Қозыбаев атындағы СҚМУ басшылығымен кездесу өтті. Жиналғандарды құрметтей қарсы ала ректор Серік Өмірбаев жоғары оқу орнының жұмысы мен даму перспективалары туралы айтып берді. Бүгінде университет өңірдегі ең ірі жұмыс берушілердің бірі болып табылады – ұжым бір мыңнан астам оқытушылар мен қызметкерлерден тұрады. 2018-2019 оқу жылында студенттер саны жеті мыңнан асты. Жеті факультет пен тіл және әдебиет институтында бакалавриаттың – 60, магистратураның- 33, PhD докторантураның алты білім беру бағдарламасы бойынша дайындық жүргізіледі. Олардың барлығы аккредитациядан өткен. Жоғары оқу орны дамудың жоғары көрсеткіштерін дәстүрлі түрде көрсетіп отыр. Білім сапасын қамтамасыз ету бойынша ұлттық агенттік өткізген бас рейтингте бұл білім шаңырағы еліміздің барлық жоғары оқу орындарының арасында 11-ші орынды иеленді.

Серік Өмірбаев өз сөзінде оқу инфрақұрылымының жай-күйіне егжей-тегжейлі тоқталды. Университет аумағында сегіз оқу ғимараты, кітапхана, денсаулық сақтау пункті, мұражай, медиа орталық, спорт залдар, жүзу бассейні, әскери кафедра бар. Оқу үй-жайларын жөндеу және ескірген зертханалық жабдықтарды ауыстыру қажет.

Ольга Перепечина солтүстік өңірдегі білім, ғылым және мәдениеттің ірі орталығы ретінде жоғары оқу орны жұмысының жақсы динамикасын атап өтіп, проблемалық мәселелерді шешуге көмектесуге уәде берді. Кездесу соңында меймандар мемлекеттік-жеке меншік серіктестік аясында қайта жаңартылған  университет жатақханасына барды. 

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий