Оралда балалардың сегіз спорттық ойын алаңын жөндеу жалғасуда және қалпына келтірілген алғашқысы пайдалануға берілді

Батыс Қазақстан облысының орталығы Орал қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Азамат Нұрмұxанбетов шаһардағы көп пәтерлі тұрғын үйлердің аулаларындағы балаларға арналған спорттық алаңдарына жөндеу жұмыстарын жүргізуші “Алтын Ел” жеке кәсіпкерлік басшыларымен кездесіп, атқарылған шаруалар барысымен танысты, – деп хабарлайды bilimdinews.kz порталы қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Әңгіме барысында жөндеу жұмыстарының мәселелері, алаңдардың резеңке және жасанды жабынын ауыстыру сұрақтары талқыланды. Әр алаң ең алдымен темір қоршауды ауыстыру, баскетбол қоржынын және футбол қақпаларын орнатуды қажет етеді. Содан соң толық жөндеуден өткен алғашқы спорттық алаң пайдалануға берілді. Аталған алаңның бүлінген темір қоршаулары қалпына келтіріліп, баскетбол қоржыны мен футбол қақпасы орнатылды. Алаң боялып, жер жабынының жолақтары жаңартылды. Сонымен қатар, алаңның айналасы шөптен қырқылып, қоқыстан тазартылды.

“Алтын Ел” мердігер мекемесінің өкілі Елдар Қайроллаевтың айтуынша, жөндеу жұмыстары бекітілген кесте бойынша жүргізілуде. Ең алдымен алаңдардың темір қоршаулары қалпына келтірілуде, кейін олар боялып, соңғы болып алаңның жасанды жабындары жасалатынын айтып, жұмысшылар жөндеуге қажетті барлық материалдармен уақыты қамтамасыз етілуде екенін жеткізді.

Тексеру соңында жөндеу жұмыстары жүріп жатқан алаңдардын жөндеуге бөлінген мемлекет қаржысын тиімді пайдалану жайы талқыланып, бөлім басшысы жұмыстардың уақытылы орындалуы мен сапасының талапқа сай болуын талап етті. Қазіргі кезде қала бойынша сегіз спорттық алаңға жөндеу жасалуда және толықтай қалпына келтірілген алғашқы нысан елдің игілігі үшін пайдалануға берілді.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий