Шымкентте көпбалалы отбасылардың ұл-қыздарына мектеп құралдарын үлестіру акциясы жалғасуда

“Мектепке жол” республикалық акциясы үшінші мегаполсте жарасымды жалғасын табуда. “Nur Otan” партиясының қалалық филиалы және фракция мүшелері осы шара аясында көпбалалы аналарға көмек көрсетті. Қамқорлық көрсетуге партия мүшелері, мен депутаттар, білім саласының қызметкерлері және үкіметтік емес ұйымдар белсене қатысты, – деп хабарлайды жергілікті “ШЫМКЕНТ КЕЛБЕТІ” газетінің сайты. 

 

“Nur Otan” партиясы қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Бахадыр Нарымбетов акцияның мақсаты – аз қамтылған және көп балалы отбасыларға жаңа оқу жылына дайындық кезеңінде және әлеуметтік себептер бойынша балалардың мектепке бармауының алдын алу үшін көмек көрсету екенін атап өтті.

– Мектепке баратын әрбір бала қажетті киім-кешекпен, оқулықпен қамтылуы тиіс. Ақ жол тілеп отырған балаларымыз болашақта үлкен азамат болып өсетініне кәміл сенеміз. Сондықтан мұқтаждыққа жол бермей, осындай қайырымды іспен үлгі болайық – деді ол өз сөзінде. Акция барысында алпысқа жуық балаға киім-кешек пен мектеп сөмкесі таратылды. Сонымен қатар, халық қалаулылары Е.Сатқанбаев, Г.Құрманбекова, Н.Бұхарбаев балаларға жаңа оқу жылына сәттілік тілеп, қаржылай қолдау көрсетті.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий