Алматы облысындағы 404 мың 221 шәкіртті оқулықпен қамтуға биыл 4,9 миллиард теңге бөлінген

Алматы облысы әкімінің білім, денсаулық сақтау салаларына жауапты орынбасары Ақан Әбдуәлиевтің мәлімдеуі бойынша аймақта 1169 мектепке дейінгі дайындық ұйымдары, оның ішінде 780 балабақша бар, – деп хабарлайды өңірлік “ЖЕТІСУ” газетінің сайты.

Жергілікті өрендерге 760 мектеп пен 76 колледж білім береді. Жетісу  аумағында 11 мектеп пен 1 жатақхана салынып жатыр. Олардың үшеуі Қарасай ауданы Абай, Көксай ауылдарындағы үш ауысымды мектеп мәселесін шешуге септігін тигізетін нысандар болса, екеуі Талғар ауданындағы Дәулет ауылдық және Іле ауданындағы Жетіген ауылдық орта мектептері. Сондай-ақ, Кербұлақ ауданының Қосағаш ауылындағы және Көксу ауданының Қызылтоған ауылындағы 2 мектеп жыл соңына дейін пайдалануға беріледі.

Ақан Жылқышыбайұлының аймақ басшысы төрағалығымен ұйымдастырылған кезекті жиында айтуына қарағанда, оқушыларды оқулықпен қамту мәселесі шешімін тауып, биыл облыстағы 404 мың 221 оқушыны оқулықпен қамту үшін 4,9 миллиард теңге бөлінген. Осыған орай елімізде оқулық басумен айналысатын 12 баспамен келісім шарт жасалған. Оқулықтар тамыз айының 25-не дейін өңірдің барлық мектептеріне жеткізіледі.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий