“Ақтөбе – Дарын” өңірлік орталығының түлегі Мейірбек Баймұратов Назарбаев университетінің грантын иеленді

Еліміздің өркениетті елдердің қатарына қосылуы келер ұрпақтың жақсы тәлім-тәрбие алып, бәсекеге қабілетті, ой-талғамы жоғары, білімді азамат болып өсуіне байланысты. Өскелең ұрпақтың бойындағы жақсы қасиеттерді танып, білім беру жолында бағыт – бағдар беру мен қатар, облысымыздың дарынды оқушыларын оқыту мен тәрбиелеуде “Ақтөбе – Дарын” өңірлік ғылыми – тәжірибелік қосымша білім беру орталығының қосқан үлесі зор.

Облыстық кезеңнен іріктелген үздіктер республикалық, халықаралық дәрежелердегі білім додаларына қатысып, ел мәртебесін үстемелей түсті. Соның ішінде Халықаралық аренада Қазақстан Республикасының туын желбіретіп, өзінің табандылығымен жетістікті бағындырған ақтөбелік Баймұратов Мейірбекті ерекше атап өту міндет. 2019 жылғы шілде айының 14-21  күндері аралығында Венгрия мемлекетінің Сегед қаласында биология пәнінен, отызыншы 1BO Халықаралық олимпиадасында әлемнің 78 елінен қатысқан білім сайысында халықаралық қазылар алқасы жеңімпаздар мен жүлдегерлерді анықтады. Халықаралық биология олимпиадасында қазақстандық оқушылардың дайындық деңгейлері ерекше аталып өтті. Тәуелсіз жұртымыздың намысын халықаралық додада абыроймен қорғап, қола медаль иеленген оқушылардың бірі – Баймұратов Мейірбек, дарынды жасөспірімдерге арналған Ақтөбе облыстық мамандандырылған “Білім-инновация” лицей-интернатының биылғы түлегі. Мейірбек – 2016-2017 оқу жылында Павлодар қаласында, 2017-2018 оқу жылында Атырау қаласында және 2018-2019 оқу жылында Ақтөбе қаласында өткен жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиадада биология пәнінен алтын медаль иегері. Соңғы үш жыл қатарынан републикалық олимпиадалық құрама команданың мүшесі.

Мейірбектің адамгершілігі мен кішіпейілділігі, өте еңбексүйгіштігі, тәрбиелілігі қасиеттерін ұстаздары да, лицейдегі барлық оқушылар да ерекше бағалайды, мақтан тұтады. Ол сапалы білім, саналы тәрбиесімен ерекшеленеді. Баймұратов Мейірбек шығармашылыққа жаны жақын оқушы, облыстық шараларда талай мәрте бас жүлде иеленген. Ұлтымыздың рухани мәдениетін жақсы біледі. Адамдардың бойындағы адамгершілік қасиетті жоғары бағалайды. Басты мақсаты – білімін одан әрі жоғары оқу орындарында жетілдіріп, еліміздің болашағын түрлендіру жолында пайдалы істер атқару.

Мейірбек төрт тілді – қазақ, орыс, түрік, ағылшын тілдерін жақсы меңгерген. Салмақты, тәрбиелі, жолдастарымен қарым-қатынасы өте жақсы, ұстаздары және лицей оқушылары алдында үлкен беделге ие. Ол Тұңғыш Президентіміз – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қайраткерлік қасиетін жоғары бағалап, өнегелі өмірін үлгі тұтады. Бүгінгі күні Мейірбек Назарбаев университетінің грантын иеленуімен құттықтаймыз!

“Ақтөбе-Дарын” өңірлік ғылыми-тәжірибелік
қосымша білім беру орталығының интеллектуалдық
дамыту бөлімі, Ақтөбе қаласы

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

“Ақтөбе – Дарын” өңірлік орталығының түлегі Мейірбек Баймұратов Назарбаев университетінің грантын иеленді

  1. Өркенің өсе берсін Мейірбек. Атаның ұлы ғана емес халқыңның ұлы бол! Еліміздің көк байрағын жоғарыға көтере бер! Денің сау болсын! Бақытты бол!

Добавить комментарий