Павлодар облысында 100 домбыра сыныбы ашылады

Өңір мектептерінде қыркүйек айының 1-інен бастап меценаттар мен демеушілердің есебінен 100 домбыра сыныбы ашылатын болды, – деп хабарлайды аймақтағы pavlodarnews.kz сайты. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында облыстық білім беру басқармасының басшысы Дінислам Болатханұлы мәлімдеген.   

– Облыс әкімінің бастамасымен қазақтың ұлттық аспаптарын меңгерту, балалардың бойында халық шығармашылығына деген сүйіспеншілікті ояту мақсатында домбыра сыныптарын ашу қолға алынды. Сонымен қатар, өңірде «Домбыра сыйла» акциясы жарияланған. Алғашқылардың бірі болып Павлодар қаласының әкімі Қайрат Нүкенов игі бастаманы қолдап, Павлодар қаласының №18 мектебінде домбыра кабинетін жабдықтау үшін үш миллион теңгенің арнайы сертификаты бөлінді, – дейді Дінислам Болатханұлы.

Бұдан басқа, Тереңкөл ауданында 25 мектепке шаруа қожалық иелері екі жүз домбыра, Успен ауданының меценаттары ауданның үш мектебіне 30 домбыра алып бермек. Сондай-ақ, Ақтоғай ауданы Мүткенов мектебінің түлектері де атсалысуға ниет білдірген. Еске сала кетейік, жастар саясаты бойынша кеңестің кеңейтілген отырысында облыс әкімі Болат Бақауов мектептерде домбырада ойнауды үйрететін сыныптар  ашу еш қиындық тудырмайтынын жеткізген болатын.


Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий