Қаскелеңдегі “Қарлығаш” бала бақшасының жұмысына ана-аналардың алғысы шексіз

Күллі ғажайыптың ішіндегі ең тамашасы – жақсы тәрбиеленген ұрпақ. Әр үйдің кішкентай бөбектері мектепке дейін ата-анасының тәрбиесімен қатар өнер мен білімге  баулитын балабақшада өсіп, тәрбиеленетіні анық. Бүлдіршіндер үшін балабақшадағы тәрбие ата-ана берген тәлім-тәрбиені жалғастырып, жандандыратыны сөзсіз, – деп хабарлайды Алматы облысындағы Қаскелең қалалық kaskelen.kz” сайты.

Осы орайда біз бүгін Қаскелең қаласында орналасқан «Қарлығаш» балабақшасы жайында сөз қозғамақпыз. Аталған тәрбие ошағы «Қарлығаш» тұрғын үй кешенімен қатарлас орналасқан. 2018 жылы тұсауы кесілген «Қарлығаш» балабақшасы мемлекеттік-жекеменшік серіктестік аясында жұмыс жасауда. Кіден бастап алты жасқа дейінгі жергілікті бүлдіршіндерді қабылдайтын бұл балабақша 150  орынды құрайды. Әрі ауқымы кең бұл мекеменің ішкі және сыртқы көрінісі де көз тартады.  Сондай-ақ, бұл ғимарат білім беру стандартына сай балалардың ой-өрісінің дамуына арналған оқу бөлмелері және музыкалық, спорттық хореографиялық  залдарымен қамтылған. Топ бөлмелері талапқа сай жабдықталған. Жас ерекшеліктеріне қарай түрлі ойыншықтармен де толық қамтылған. «Ойын», «Табиғат» бұрыштары жұмыс істейді.  Сондай-ақ медициналық кабинет те жұмыс жасауда. Қазіргі таңда алты топта бүлдіршіндер тәрбиеленеді. Олардың біреуі ересек топ, екеуі ортаңғы топ және 3 кіші топ бар. Бүлдіршіндер үшін оқу-тәрбие жұмыстары қазақ және орыс тілдерінде жүргізіліп, ал,  ағылшын  тілі қосымша сабақ ретінде үйретіледі.  Әрине сабақтарды білікті мамандар өткізетін болса, балалардың тазалығы мен қауіпсіздігіне тәрбиешінің көмекшісі жауапты. Жалпы алғанда балабақшада  бала тәрбиесіне 12 педагог маман барынша атсалысуда, олардың 89 пайызы жоғары білімді мамандар. 

Ал аталған тәрбие ордасының меңгерушісі – Салтанат Рашидқызы өзінің білімі мен тәжірибесінің, жоғары ұйымдастырушылық, іскерлік  қабілетінің арқасында балабақша жұмысын мемлекеттік стандарт негізінде  дөңгелетіп отырған шебер басшы, жоғары санатты маман. Бүлдіршіндердің көңіл-күйін бақылап, ата-аналармен тығыз қарым-қатынас орнатуда өзіндік үлесін қосып келе жатқан әдіскер, психолог,  тәжірибелі педагог  Асия Байділдаеваның  да еңбегі зор.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий