ПМУ-де студенттік деканды таңдайды

Қыркүйек айында С. Торайғыров атындағы ПМУ-де студенттік өзін өзі басқару көшбасшыларының сайлауы өтеді.

 

«Университет қабырғасында төрт жыл оқитын студенттер студенттік декан пен колледждің студенттік директорын сайлайды. Бұл көшбасшы жастар оқу орнының болашағына бейжай қарамайды», – дейді университеттің әлеуметті кмәселелер және жастар саясаты департаментінің директоры Жастілек Уахитов.

Директорың айтуыша, сайлау ашық дауыс беру арқылы өтеді, яғни, бұзушылықтарға жол берілмейді.

Айта кетейік, бұл лауазым «Саналы ұрпақ» фронт-офисінің қызметі және студенттік өзін-өзі басқару шеңберінде енгізілді. Жұмыс жастар арасында жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында жүргізілуде.

Осы қызметке тұратын студенттері басқару, университеттің білім беру және ғылыми қызметіне араласа алады, сонымен қатар, оларға жалақы қарастырылған.

Әр студент сайлауға қатысып, жоспарлар мен идеяларды жүзеге асыруға араласа алады. Жастар мемлекеттік жастар саясаты аясындағы бастамаларды талқылау, аймақтық және республикалық деңгейдегі жастар ұйымдарымен байланыс орнату, студенттік қауымдастықты университеттің жастар қозғалысына тарту бойынша жұмыс атқармақ. Оқу орнында олардың саны 15-ке жеткен.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий