Ұрпақтар сабақтастығы үзілмейді

Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаев ұрпақтар сабақтастығы бағытында «Дәстүрлі мәдениетті жаңғырту, өз халқының тарихи тәжірибесіне жүгіну тәуелсіздікке ие болған елдің өмірінен алатын заңды құбылыс. Мұның ар жағында қоғамдық сананың қалыптасуы, ұрпақ тәрбиесі сияқты үлкен міндеттер жатыр» – деген еді. Осы орайда, халқымыздың ғасырлар бойы жинақтап, уақыт сүзгісінен өткен бай тәжірибелік қазынасын қолдану керектігі байқалады. Ата-бабамыз салып кеткен сара жолдан бастауымызды алып, болашақ ұрпақты салт-дәстүріміз бен әдет-ғұрыптарға сай тәрбиелесек, ұтарымыз мол болары анық. Ұлттық сана біздің идеологиямыздың және қазіргі қоғам дамуының негізі болып табылады және рухани дамыған салада тәрбиеленген ұрпақ міндетті түрде мемлекетіміздің дамуына қызмет етеді.
IMG_1669
Мемлекет басшысы «Назарбаев Зияткерлік мектептері барлық білім беру ұйымдары үшін әдістемелік орталық болу керек» деп тапсырма берген болатын. Тапсырма аясында жыл бойы түрлі іс-шаралар ұйымдастырылды. Соның бірі Қарағанды облысы Білім басқармасы «Назарбаев Зияткерлік мектептерінің тәжірибесін таратуды» жүзеге асыру шеңберінде ұйымдастырған «Ұлы дала мұрагерлері» форумы аясында 27 сәуір күні Қарағанды қаласында Жезқазған аймағының педагогикалық еңбек ардагерлеріне таныстыру кездесуі өтті.
Кездесуде еңбек ардагерлеріне Хасенов Рашит Шайзаратұлы атындағы Қарағанды облысының білім беру жүйесінің қалыптасуы мен дамуы мұражайы таныстырылды.
IMG_1649
Қарағанды облысы білім басқармасының басшысы Е. Н. Иманғалиев Л. Бәйішеваға арналған естелік стендті салтанатты түрде ашты. Ашылу сәтінде сөйлеген сөзінде Басқарма басшысы қазақ тілі мұғалімінің 60 жылдық еңбегі құрметіне Қарағанды облысының білім беру жүйесін дамытуға қосқан үлесі туралы айтып өтті.
Қарағанды облысының қоғамдық кеңесінің төрағасы М.К. Жошина педагогикалық еңбек ардагерлерінің жастарды тәрбиелеу ісіне сіңірген еңбектері, қоғамдық өмірге тарту жұмыстары туралы баяндаса, Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы директорының орынбасары Б.Х. Абдикерова Қарағанды облысының жаңартылған білім беру мазмұнына көшуде және НЗМ ДББҰ тәжірибесін таратудағы жүйелі істер мен нақты қадамдар туралы мәлімдеді.
Шара барысында Жезқазған аймағының педагогикалық еңбек ардагерлері Қарағанды қаласының Назарбаев Зияткерлік мектебіне барды. Білім мазмұнын жаңарту бағдарламасы бойынша оқыту мен тәрбиелеу жұмысы «Назарбаев Зияткерлік мектептері тәжірибесін тарату» негізінде көрсетілді. Сондай-ақ мектептегі сабақтарға, кураторлық сағаттарға қатысып, Жезқазған аймағының оқушыларымен жүздесті. Мектептің қызметімен танысу үшін кампус тур, ғылыми жобалар көрмесі және концерттік бағдарлама ұйымдастырылды.
Мұндай кездесу тәрбиелік тақырыпты қозғап, ардагер ұстаздарды жастарға таныстырады, тәжірибе береді.
IMG_3258
Қазіргі таңда жас ұрпақ пен аға буынның кездесуі, ой бөлісуі маңызды болып отыр. Себебі, жастарға тәрбиелік мәні бар, патриоттық бағытта, адамгершілік тақырыбында, салт-дәстүр мен ұлттық құндылықтар тақырыбында тәлім беру сиреп барады. Жастармен кездесуде олар өзінің еңбек жолдарымен, тәжірибелерімен бөлісті. Ардагер ұстаздар жастарға өлке тарихынан, ұлт тәрбиесінен, салт-дәстүрден мағыналы әңгімелерін жеткізді. Одан бөлек, жастардың қоғамдағы кемшіліктер, салт-дәстүрдің дамымай жатқан тұстары туралы туралы сұрақтарына пікірін айтып, кеңестерін берді. Жастар неден қателеспеу керек, қандай бағытқа басымдылық берген дұрыс екенін де тілге тиек етті.
IMG_3095
‒ Назарбаев зияткерлік мектебі сынды дарынды балаларға арналған мектептер саны жылдан жылға артып келе жатқандығы қатты қуантады. «Ел іші, өнер кеніші» демекші, қазір де елімізде дарынды балалар өте көп. Біз ардагер ұстаз болсақ та, әлі де жастардың арасындамыз. Біз болашаққа, жастарға сенеміз. Біздің Назарбаев зияткерлік мектебінде көрген-білгенімізді, көңілге түйгенімізді өз аймағымызға барып, айтып жеткізу алдағы міндетіміз болмақ. Осындай келелі кездесуге ұйытқы болған жандарға алғыс білдіреміз, ‒ деп жүрекжарды лебізін білдірді Жезқазған қаласынан келген ардагер ұстаз Шүкір Молдағалиева.
Педагогикалық еңбек ардагерлерімен өткізілетін кездесулер тағдыр және тарих ортақтығы сезімін, бір-біріне деген қамқорлық және сүйіспеншілік сезімдерін дамытуға бағытталған бірыңғай ұлтты қалыптастыру үшін жаңа алаң болатынына сенімдіміз!
Айнұр ЕГІНБАЙ,
Қарағанды облысы
 
 

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Loading Likes...

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *