Все новости

«Startupbolashak – Меніңарманым» жастар бизнес-жобалары ұлттық байқауының үшінші маусымы Жамбыл облысында өтті!!!

Тараз мемлекеттік педагогикалық университетінде барлық мамандықтардың оқу жоспарларына «Кәсіпкерлік негіздері» пәні енгізілді.Университет оқытушылары пән жүргізуде студенттердің таңдаған мамандығын және ынтасын білдірген салаларын ескеріп дәріс береді. Биылғы жылы универистетте кәсіпкерлік бөлім ашылды. Аз уақыттың ішінде бөлім қызметкерлері бөлім айналасына инновациялық идеясы және нақты жобалары бар білімгерлерді шоғырландырып, оларға ары қарай даму бағыттарын көрсетіп отыр.

IMG_6503

2018 жылдың 20 – 22 сәуір аралығында Жамбыл облысы бойынша, Тараз мемлекеттік педагогикалық университетінде STARTUP BOLASHAK «Менің Арманым» байқауының республикалық жобасы 3 маусымының іріктеу кезеңі өтті.

Жобаның мақсаты – Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Жолдауында қойылған міндеттерді орындау. Елбасының 2018 жылдың 10-қаңтарынан бастап өнімді жұмыспен қамтуды және кəсіпкерлікті дамыту бағдарламасы бойынша Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік білім беруді дамытуды қамтамасыз ету екені анық.

Қазақстан Республикасының 16 аймағында өткізілетін STARTUP BOLASHAK «Менің Арманым» жобасы Рухани жаңғыру бағдарламасы аясында өткізіліп жатыр.

IMG_6493

Жамбыл облысында үш күнге созылған бұл байқау өз биігінде болғаны сөзсіз. Жасампаздыққа бастар жолдағы жастардың тың идеялары жүзеге асу мақсатында мол мүмкіндіктерге ие болғаны үшін облыс жастары шексіз ризалығын білдірді. Айтулы шара барысында сан қырлы сынақтардан өтуде, толассыз міндеттерді жүзеге асыруда байқау қатысушылары үлкен белсенділік танытты. Кез келгеннің қолынан келе бермейтін, өз жобасының болашағын көретін жас кәсіпкерлер осы күндер аралығында биік межені бағындыруға бар күштерін жұмсады. Олардың жаңашылдыққа деген игі бастамалары күннен күнге артып, әр күн өткен сайын жарыс қыза түсті. Кәсіпкерлікті қалай бастағаны туралы өңір кәсіпкерлері өз жүрген жолдарынан, қандай қиыншылықтардан өткендерінен біраз сыр шертіп, қатысушыларға үлкен серпін сыйлады. Жобаның ұйымастырушылары да алдағы өткен маусымдар мен ондағы үздік жбаларды көпшілік назарына ұсынып, өз тәжірибелерімен бөлісіп жатты. Бұның барлығы қызу бір тірліктің көрінісі іспеттес болды. Алдағы күндері мәңгілік ел болу үшін, өркениетті елдермен иық тіресіп, тереземізді теңестіру мақсатында ұйымдастырылған дәстүрлі бұл жоба барлық өңірлерді қамтыды. Болашақ жастардың қолында екенін ескерсек еліміздің өркендеуі үшін ұйымдастырылған  бұл байқауда тың жобалар еш кедергілерге мойымай қарыштай береді деген сенімдеміз. Себебі жастар бойындағы рухтылық, жаңашылдық, арманға деген нық қадамдар айна бір қатесіз көрінді. Болашақты жасайтын жастар болғандықтан STARTUP BOLOSHAK – МЕНІҢ АРМАНЫҢ жобасы елімізге үлкен бір серпіліс әкелгені сөзсіз.

IMG_6453

Университетке ментор (жетекші) лауазымына Тараз қаласының кәсіпкерлері шақырылды, олар:

— «ALTAIS GROUP» ЖШС басшысы А.А. Жұмабаев;

— «Тараз проммонтаж» ЖШС басшысының орынбасары Н.Ұ. Аріпбаев;

— «Тәтті себет» ЖШС бастығының орынбасары Қ.Р. Өксіпберленов;

— «Аулие ата ТрансПас» ЖШС басшысы Р.С. Пірманов;

— «Раден» баспаханасының басшысы Д.В. Тулин;

— «Турлымбетова» ЖК басшысы Г. Турлымбетова;

— «Фрути букет Лайк центр Тараз» басшысы Ғ.Е. Қамбарбаев.

Жамбыл облысы бойынша 325 жоба өтініш білдіріп, оның 71-і тіркелген болатын. Ал 28 жоба екінші кезеңге өтіп, 23 жоба өз алдына қорғалды. Нәтижесінде 19 жоба Астана қаласында өтетін 1/4 финалға жолдама алды.

Жобадардың бағыты сан алуан, ауыл шаруашылығынан және медицина саласынан жоғары технологиялық процестер мен өндірістерге дейін. Мысалы: топырақты пайдаланбай гидропоника және керамзитте ауыл шаруашылық дақылдарынан жидектерге дейін өсіру, ауылшаруашылық жерлерді өңдеуге роботтарды қолдану, қант қызылшасын өсіруде инновациялар қолдану, пластикалық бөтелкелерді және электронды оргтехниканы қайта өңдеу және өңдеу, Жамбыл облысындағы нақты ауыл мекендерді ауыз су және судан алынған энергиямен қамтамассыз ету.

Бұл байқау жас кәсіпкерлердің бизнес бастамаларына қолдау жасайды. Жобаға озық ойлы, идеясы тың 16 мен 35 жас аралығындағы кезкелген адам қатыса алады. Бүгінде Жамбыл облысында түрлі тың жобалар өңірлік кәсіпкерлердің назарына ұсынылды. Содан соң 50 жоба іріктеліп, республикалық деңгейде қорғалатын болады. Ал, ең үздік бизнес жоба инвесторлардан қаржылай қолдау алады. Жас стартапшылар байқаудың өту мерзімінде «идея» сатысынан жетілдірілген жоба сатысына өтуге мүмкіндік алады.

IMG_6480

Стартап жобаларды қолға алған кәсіпкерлердің айтуынша, стартаптың жолын ашатын – инвестиция. Ендеше әу баста жоба бастағанда уақытша ақша табуға емес, жобаның болашағын қамтамасыз етуге негізделген дұрыс. Ал жоба табыс әкелу үшін – стартапшы өз жобасына шындап берілуі тиіс. Негізінде стартап жобалар әдетте ғаламтор арқылы танымал болып, ұпай жинайды.

Университеттің ең үздік жобалары мен ең белсенді жас стартапшылар жеңіске жетеді деген сенімдеміз! Лайым тыңғылықты жобаның бағындырар межесі көп болғай!

 

Серікбол БЕРІКҚОЖА

Тараз мемлекеттік педагогикалық университетінің

Ақпараттық-имидждік жұмыс бөлімінің басшысы

Categories: Все новости

Добавить комментарий