Все новости

Білім беру саясатының бағыттары түсіндірілді

№ 89 Жалпы білім беретін мектепте жалпыұлттық ата-аналар жиналысын өткізудің тұжырымдамасына сәйкес «Білімді ұлт – білім берудің және отбасылық құндылықтардың сапасы» атты ата-аналар жиналысы өтті. «Рухани жаңғыру» қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасын іске асыру шеңберінде ұйымдастырылған жиналыс 15-мамыр ‒ Халықаралық отбасы күніне арналды.

WhatsApp Image 2018-05-16 at 14.59.37

Бұл мереке қазір әлемде әрбір «қоғамның ұясы» маңызды екендігін еске салады. Себебі отбасы қоғамның негізгі элементі ретінде тұрақтылық пен даму факторы болып отыр. Отбасы беріктігінің арқасында мемлекет нығая түседі.
Іс-шараны өткізудегі мақсат ‒ ата-аналарды мемлекеттік білім беру саясатының бағыттары, орта білім беру жүйесінің жетістіктері туралы хабардар ету және мектепті басқаруда педагогтар мен ата-аналардың күш-жігерлерін біріктіру.
Ата-ана жиналысының күн тәртібінде «Жыл табысы»: республиканың, өңірдің, мектептің білім беру жүйесінің жетістіктері, мектеп оқушыларын тәрбиелеудің негізі ретінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру, 11 сынып білім алушыларын қорытынды аттестаттау және оқу жылының қорытындылары, оқу процесін цифрландыру, мектептің қамқоршылық кеңестерінің қызметі және отбасы мен мектептің өзара іс-қимылын күшейту сияқты мәселелер қарастырылды.

WhatsApp Image 2018-05-16 at 14.59.53
Ата-аналар жиналысын өткізу барысында мектеп директоры Қ.С. Баймаханова ата-аналарды Халықаралық отбасы күнімен құттықтап, жиналыстың күн тәртібімен таныстырды. Мектеп директорының ОІЖ орынбасары Ф.А.Розбакиева мектептің оқу-білім жүйесінің жетістіктерімен бөлісті. Сонымен қатар мектеп директорының ОІЖ орынбасары М.М.Князькова оқушылар білімін жаңа электронды жүйеде бағалау бойынша «Күнделік» компаниясының жұмысымен және оқу-тәрбиелік процесті цифрландыру, робот техникасы кабинеті мен үйірмелерін ашу бойынша мектеп жоспарларын айтып өтті.
Сондай-ақ, қоғамдық сананы жаңғыртудың 6 бағытын (бәсекеге қабілеттілік; прагматизм; ұлттық сәйкестікті сақтау; білім беру ғұрпы; Қазақстанның революциялық емес, эволюциялық дамуы; сананың ашықтығы) насихаттау мақсатында «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Тәрбие және білім» кіші бағдарламасы туралы әңгіме өрбіді. Одан бөлек, отбасы мен мектеп арасындағы байланысты нығайту бойынша ұсыныстар берілді. Мектебімізде өткен жалпы мектептік ата-аналар жиналысында мектеп әкімшілігі күн тәртібіндегі барлық мәселелерді талқылап, ата-аналар назарына бейне-роликтер ұсынды. Яғни, ата-аналармен жағымды кері байланыс орнатылды.

КММ № 89 ЖББМ директорының
тәрбие ісі жөніндегі орынбасары ,
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Г.Т.Ибрагимова

Categories: Все новости

Добавить комментарий