Павлодардың ауылдық мектебінде математика кабинеті ашылды

Павлодар облысындағы Ақтоғай ауданының Абай атындағы жалпы білім беретін орта мектебінде Елтін Амангелді Қайырбайұлы атындағы математика кабинеті ашылды. Амангелді Қайырбайұлы 1949 жылғы сәуір айының 27-і күні қазіргі Ақтоғай ауданы, Харьков ауылында дүниеге келді.

Есімі облыс жұртшылығына ғана емес, республикаға да танымал математик жерлесіміз, Амангелді Қайырбайұлына арналған кабинеттің ашылу салтанатына Ақтоғай аудандық мәслихатының төрағасы Ж.Ташенев, Ақтоғай ауданы білім бөлімі басшысының орынбасары Д.Рамазанов, Ақтоғай ауданы «Нұр Отан» партиясы филиалының бірінші төрағасы Б.Альханов қатысты.
Ашылу салтанатына Амангельді Қайырбайұлының зайыбы, қызы мен күйеу баласы, дос-жарандары мен бұрынғы әріптестері де келді. Іс-шарада Ақтоғай ауданының айтыскер ақыны Бейсенбі Мұқажанов арнау айтса, оқушылар өлең жолдарымен кештің сәнін кіргізді. Кабинет іші “Математика, геометрия және стереометрия”, “Дос-жаран – қауым ажары”, “Амангелді ағамыздың марапаттары”, “Ғылымды жер-көктен ізде, Бақытты еңбектен ізде” тәрізді оқушыларға ой салар, бағыт берер стендтермен безендірілді.

– Амангелді Қайырбайұлы атындағы математика кабинеті балалардың шығармашылық қабілетін арттырып, болашақ математика мамандарын шығаруға өз септігін тигізерінен сенімдіміз, – дейді аудандық білім беру бөлімінің қызметкерлері.

Бағдәулет НҰРМАТ, 
Павлодар облысы білім беру
басқармасының баспасөз хатшысы

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий