Талдықорған қаласының әкімі мұғалімдер қауымын кәсіби мерекеге орай құттықтады

Талдықорған қаласындағы І.Жансүгіров атындағы мәдениет сарайында мұғалімдердің кәсіби мерекесі аталып өтті. Ұлағат иелерін Талдықорған қаласының әкімі Ғалымжан Әбдірайымов құттықтады, – деп хабарлайды шаһардың басты сайты. 

 

– Армысыздар, ардақты ұстаздар! Баршамыздың қолымызға қалам ұстатып, сауатымызды  ашып, білім нәрімен сусындатып  өмірге қанат қақтырған – ұлағатты  ұстаздар! Мұғалім болу –мамандық болса, ұстаздық қасиетке барынша адалдық танытып, саналы ғұмыры ұрпақ тәрбиесіне арнаған ұстаздарға қандай мақтау, мадақ айтсақа та артықтық етпейді. Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, тәлім-тәрбие беру, жақсы қасиеттерді бойына дарытып, адамгершілік рухта бағыт-бағдар беруде ұстаздың еңбегі зор. Сондықтан да ол әрдайым қасиетті тұлға ретінде ерекшеленеді. Мерекелеріңіз құтты болсын!- деді шаһар басшысы.

Бүгінде қала бойынша 2400-дей мұғалім білім ошақтарында қызмет етеді. Мектепті аяқтаған түлектердің 682-сі мемлекеттік білім гранттарын иеленіп, жоғары оқу орындарына түсті. «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша жас мамандар жеңілдетілген тұрғын үй несиесіне ие болуда. Үстіміздегі оқу жылында мектептерге он жас маман  жұмысқа орналасты. Олар салтанатты жиында ант қабылдады. Өскелең ұрпақты оқыту мен тәрбиелеуде жетістіктерге қол жеткізген қала мұғалімдеріне марапат табысталды.  Қала әкімінің Құрмет грамотасы мен Алғыс хаты, қалалық мәслихаттың марапатына бір топ мұғалім ие болды.

Сондай-ақ, біздің қаланың педагогтары республикалық, халықаралық білім сайыстарында үздіктер қатарынан көрініп жүр. «Қазақстан Республикасының білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгісі Ш. Уәлиханов атындағы орта мектеп-гимназиясының директоры Г. Жиренбаеваға және де республикалық «Үздік педагог-2019» атағы №16 ОМГ мұғалімі С.Жанаберлиеваға салтанатты түрде табысталды.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий