“Білім берудегі инновациялар: ізденіс және шешімдер” тақырыбындағы  халықаралық конференция қорытыланды

“Білім берудегі инновациялар: ізденіс және шешімдер” тақырыбындағы VІ халықаралық конференция елордасында ұйымдастырылды, — деп жазады Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі фейсбуктегі парақшасында.

Басқосуға ҚР Білім және ғылым вице-министрі Шолпан Таңатқызы Каринова, ҚР БҒМ Ыбырай Алтынсарин атындағы Ұлттық академияның президенті Жанбол Жилбаев, отандық және Ресей Федерациясы, Беларусь Республикасының шетелдік ғалымдары, білім беру саласындағы халықаралық сарапшылар, жоғары оқу орындарының профессорлар-оқытушылар құрамы, білім беру жүйесінің ұйымдастырушы мамандары, мектепке дейінгі және орта білім беру ұйымдарының басшылары мен педагогтері қатысты.


Пленарлық және секциялық отырыстардан тұратын дәстүрлі конференцияға барлығы 101 адам келді. Оның ішінде пленарлық отырыста шетелдік және отандық білім беру ұйымдарынан келген 47 мұғалім мен 16 білім басқармасының әдістерлері спикер ретінде сөз сөйледі. Конференцияның мақсаты – білім беру мазмұнын жаңартудың негізгі бағыттары бойынша тәжірибе алмасу және пікірлермен бөлісу. Шараны Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы ұйымдастырды.


Конференция жұмысының негізгі бағыттары: замауи білім беру – мемлекеттің бәсекеге қабілеттілігі негізі; білім беру ұйымдарының инновациялық әлеуетін дамыту; білім беру мазмұны және жаһандық сын-тегеуріндер; хаманауи білім беру және ғылым. Алтыншы жыл қатарынан өткізіліп отырған бұл конференцияда еліміздің білім жүйесіндегі өзгерістердің нәтижесін шетелдік ғалымдарға көрсетудің маңыздылығы айтылды.

 

– Бұл бізде дәстүрлі конференция. Биыл алтыншы рет өткізіліп отыр. Ол біз үшін өте маңызды. Себебі, қазір біздің білім беру жүйемізде жаңартылған білім мазмұнын жаңарту барысында, әр кезеңінде атқарып жатқан жұмыстарымыздың нәтижесін, оның аралық нәтижесін және алдағы уақытта қай бағытта жүруіміз керек екендігін саралап, зерделеп алу үшін халықаралық деңгейде осындай ғалымдардың, сарапшылардың қатысуымен ой елегінен өткізіп, тәжірибе алмасу алаңында осылай талдағанымыз біз үшін өте маңызды,- дейді Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының орта білім институтының директоры Манара Елеукенқызы.

Конференцияның қорытындысы бойынша барлық қатысушылардың ұсынымдамалары қабылданып, арнайы сертификаттар табысталды.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий