Денсаулық кепілі – спорт

Волейбол – бүкіл дүние жүзіне тез әрі кең таралған спорттық ойын. Ол – спорттың қызықты және қолайлы түрлерінің бірі саналады. Біздің мектебімізде волейбол ойынына ерекше көңіл бөлінуде. 

Күзгі демалыс кезінде №48 ЖББОМ қызметкерлері арасында волейболдан жарыс  өтті. Кәсіподақ мүшелері «Жас мамандар», «Алтын жастар» және «Ардагерлер» деген атаулар бойынга жарысқа түсіп, бақтарын сынады.  Шабуыл жасап, қорғанысқа да шыққан кәсіподақ мүшелері  өз командалары үшін аянып қалмады. Қызу тартыспен өткен жарыстың нәтижесі бойынша, «Алтын жастар» командасы бірінші орынды жеңіп алды.

Барша қатысушыға бұл ойын тамаша көңіл-күй, спорттық демалыс, жақсы эмоция сыйлады.

 

Алмагүл Дүкенбаева,
№48 ЖББОМ Тәрбие жұмысы директорының орынбасары

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий