Қапшағай қаласындағы «Балдәурен» Республикалық оқу-сауықтыру орталығы демалушылары #Абай175 челленджді жалғастырды

Қапшағай қаласындағы «Балдәурен» Республикалық оқу-сауықтыру орталығы демалушылары #Абай175 челленджін жалғастырып, «Қазақстандық жас патриоттар академиясының» мүшелеріне және барша балдәурендіктерге жолдады.

«Балдәурен» Республикалық оқу-сауықтыру орталығы 2002 жылы Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың тапсырмасы бойынша «Артек»  Халықаралық балалар орталығы негізінде құрылды. Бүгінде орталықтың Қапшағай, Түркістан және Балқаш өңірлерінде филиалдары бой көтерген.

«Балдәурен» – республикалық ғылыми-әдістемелік, сауығу және оқу-педагогикалық ұйымдастыру орталығы, – бұл оқу-педагогикалық және сауықтыру істерін ұйымдастырумен айналысатын, сонымен қатар балалардың Халықаралық және Республикалық мәдени көпшілік, ғылыми-практикалық іс-шараларын өткізетін Республикалық оқу-сауықтыру орталығы. Орталық жыл бойына үзіліссіз қызмет етеді және бір ауысымда 300 оқушыны қабылдайды. Ауысымның   ұзақтығы жаз мезгілдерінде – 15 күнді, ал қыс мезгілдерінде- 20 күнді құрайды.

Адия КАИРЖАНОВА,
Қапшағай қ. «Балдәурен» РОСО баспасөз хатшысы


Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий