Үрмелі қайықпен теңізге ығып кеткен турист кәмпиттің арқасында аман қалды

Эгей теңізінде екі тәулік бойы үрмелі қайықта қалып қойған турист бір уыс мұз кәмпиттің арқасында аман қалды. Жаңа Зеландия тұрғыны Кушила Стейн жексенбі күні құтқарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат BBC-ге сілтеме жасап.

Ашық теңізге ығып кеткен ол 37 сағат бойы үрмелі қайықта отырған. Құтқарушылар келгенге дейін өзінде болған бір уыс мұз кәмпитті талғажау еткен. Кушила тоңып қалмас үшін қоқысқа арналған пластик қапқа оранып алған. Стейн өмір бойы теңізге шығып жүргендіктен, өзін іздей бастайтынын біліп, басына ашық қызыл түсті пластик пакет киіп, арасында айна арқылы белгі беріп отырған. Грекияның жағалау күзеті оны Критадан солтүстікке қарай 100 шақырым қашықтықтан тапты. Кушила Стейн Майк есімді британиялықтың яхтасын Түркияның оңтүстігінен Афина қаласына алып келуге көмектескен. Ол аралдардың біріне тоқтаған кезде ескекті қайықпен жағалауға бармақ болады. Қайтар жолда ескегінің бірі суға түсіп кетіп, қайық қатты соққан желмен бірге ашық теңізге қарай кетіп қалады. Яхтада қалған кісі танысы келмегесін, бірден дабыл қағады. Құтқару операциясына алты кеме, тікұшақ және суасты құрылғысы жұмылдырылды. Кушила Стейн ашық теңізде жүргенде қайығына үлкен әріптермен Жаңа Зеландиядағы анасының есімі мен телефон нөмірін жазып қояды. Ол тірі қалмаймын ба деп қорыққан. Грекия жағалау күзеті оны жексенбі күні тауып, ауруханаға жеткізген. Жаңазеландиялық басылымдардың жазуынша, Кушила құтқарылғаннан кейін анасына хабарласып, жағдайының жақсы екенін және қалтасында бір кәмпитінің қалғанын айтқан.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Читайте также:

Добавить комментарий