Біздің спортшылар – колледжіміздің мақтанышы

 Грэпплинг күресінен Әзербайжан астанасы Бакуде 25 мемлекеттен 800-ден астам спортшының басын қосқан әлем біріншілігі өтті. Бұқаралық спорттың дамуына үлкен қолдау көрсеткен – Алматы облысы дене шынықтыру және спорт басқармасы.

Аталмыш жарысқа Қазақстан құрамасы қатысып, жалпы командалық есепте 2-орынға табан тіреді.  Талдықорған қаласынан келген спортшылар Ұлттық құрама командасында жүріп, бақтарын сынады. Аталмыш жарысқа Талдықорған жоғары политехникалық колледжінің студенті Акжан Акажан қатысып,  I-орынды иеленсе, Аслан Қанатбек 58 кг салмақта III-орын, Нұрбек Мырзалинов 62 кг салмақта III-орынды қоржынға салды.

Біздің спортшылар – колледжіміздің мақтанышы. Әлемді бағындырған палуандарды және олардың бапкерлері Айдос Усабаев пен Елдос Сағадиевті жеңістерімен шын жүректен құттықтаймыз.

Айдана Қайратқызы ҚАРАТАЛОВА,
Талдықорған жоғары политехникалық колледжінің
1-курс студенті, Алматы облысы

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий