Өз міндетіне жатпайтын функцияларға тартқаны және жөнсіз есеп беруді талап еткені үшін айыппұл көзделген

Бүгін Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің «Педагог мәртебесі туралы» заң жобасы бойынша кеңейтілген отырыс болып өтті. Жиынға білім және ғылым министрі А. Аймағамбетов қатысты, деп хабарлайды bilimdinews.kz.

Мұғалімдерді артық жұмысқа тартуға, шамадан тыс есеп беруге, негізсіз тексерулер жүргізуге тыйым салу арқылы жүктемені азайту бойынша жеке нормалар көзделгендігін айта кеткен жөн. Мұғалімдерді өз міндетіне жатпайтын функцияларға тартқаны және олардан жөнсіз есеп беруін талап еткені үшін құқық бұзушылық субъектісіне байланысты 20-дан 120 айлық есептік көрсеткішке дейін айыппұл көзделген.

Сондай-ақ, ұқсас айыппұл жұмыс уақытының нормасын заңсыз асырғаны үшін де қарастырылған.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий