«Қолдайық ауыл мектебін!» акциясы өтті

28 мамыр күні Назарбаев зияткерлік мектептерінің ұйымдастыруымен республика көлемінде «Қолдайық ауыл мектебін» атты акциясы өтті. Шалғайдағы ауыл мектептеріне материалдық-моральдық көмек беруді көздеген айтулы шара Зияткерлік білім ошағының 10 жылдығына орай қолға алынды.
5D_20405
Осыған орай, Семей қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі Приречное жалпы орта білім беретін мектебіне атбасын бұрды. Мектеп директоры Вера Тихомолованың айтуынша, бүгінде ауылдағы білім мекемесінде 200-ден астам бала дәріс алады. Сонымен қатар мектеп жанынан бүлдіршіндер үшін ашылған шағын орталық жұмыс істеп тұр.
Зияткерлік мектеп директоры Бағдан Қайыржанов республикалық акцияның мән-маңызына тоқталып, Зияткерлік мектептердің бүгінгі тыныс-тіршілігімен және соңғы жаңалықтарымен бөлісті.
− Сіздерге келуіміздегі мақсат – тәжірибемізді сіздермен бөлісу. Сол арқылы сапалы білім мен жоғары нәтижелерге, жақсы көрсеткіштерге қол жеткізу. Биыл еліміздегі Зияткерлік мектептердің құрылғанына 10 жыл толады. Осы өтпелі кезең ішінде жеткен жетістіктеріміз аз емес. Қазақстанның болашағы білімді жастардың қолында екенін Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев жиі айтады. Ендеше, жастарымыздың алаңсыз білім алуы үшін барлық жағдай жасалуы керек, − деді Бағдан Тоқтамысұлы.
«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында аталған орта мектепке 100 көшет бөлме гүлдерін, стенд, 300-ге жуық түрлі көркем әдеби кітаптар, спортпен шұғылдану үшін 15 доп, оқушылар дайындаған 3D принтерлер табысталды.
Жалпы акция шеңберінде Назарбаев Зияткерлік мектептері 20 ауыл мектебіне Зияткерлік мектептерінің оқушылары мен мұғалімдері жинаған 6 875 дана көркем және ғылыми-танымдық әдебиет, оқушылар өсірген 2 000 көшет бөлме гүлдерін, ДББҰ орталықтыры (ОБО, ПШО, ПӨО) жасаған 860 дана мұғалімдерге арналған әдістемелік нұскаулар, Алматы қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектептері оқушылары жасаған 20 3D принтер, 20 стенд, 300 спорттық доп сыйға тартты.
Ауыл мектебіне жасалған сапарда Зияткерлік мектеп ұстаздары әріптестеріне арнап түрлі тақырыптарда шеберлік сыныптарын өткізсе, «Көшбасшылар кеңесі» мүшелері құрдастарымен бірлесе отырып активити ойындар ұйымдастырды.
Дәл осы күні республика көлеміндегі ауыл мектептерінің ұстаздарына жаңартылған білім мазмұны мен критериалды бағалаудан, оқытудың әдістері мен технологияларынан Әдістемелік консультациялар ұйымдастырылды.
Шара барысында Приречное жалпы орта білім беретін мектебінің директоры Вера Тихомолова акцияны ұйымдастарған Зияткерлік мектептер басшылығына, ұстаздарға, оқушыларға жүрекжарды алғысын білдірді. Алдағы уақытта да екіжақты байланыс дами беретіндігіне сенім білдірді.
Семей қаласындағы физика-математика бағытындағы
Назарбаев Зияткерлік мектебінің баспасөз қызметі

Фото Галерея:

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий