Шымкентте ең көп кітап оқыған жеткіншектер марапатталды

Шымкентте «Кітап оқып, рухани бай бол» атты кітап оқу байқауының жеңімпаздары марапатталды. Қалалық ішкі саясат және дін істері басқармасының «Рухани жаңғыру» бөлімі мен «Отырар» ғылыми-әмбебап кітапханасы ұйымдастырған сайыс 15 қазанда басталып, екі кезең бойынша өткізілген болатын, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру мен жас өрендердің кітапқа деген қызығушылығын арттыру мақсатында ұйымдастырылған байқауға қаладағы мектептердің оқушылары қатысты. Кітап оқу мәдениетін арттыру мен оқырмандардың шығармашылық мүмкіндіктерін дамыту, қолдау көрсету және үздік көркем шығармаларды кеңінен насихаттауды мақсат еткен шарада қаладағы кітапсүйер қауым белсенділік танытты.
Сайыстың алғашқы кезеңі бойынша үміткерлер өзінің сүйікті шығармасын мәнерлеп оқып, бейнежазбаға түсірді. Оларды әлеуметтік желілерде жариялаған болатын.

 

 

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий