Қармақшылық Серік Ниязов – “Үздік ауыл оқытушысы – 2019” мәртебесін иеленген тарихшы ұстаз

Қазақстанды әлемдік деңгейде таныту үшін білім жүйесі бәсекеге қабілетті жоғары деңгейде болуы қажет. Оқу үрдісі уақыт талабымен қаншама өзгермесін, бәрібір тек ұстаз ғана оның мазмұнын оқушы санасына жеткізеді. Шәкіртті оқу үрдісінде мұғаліммен бірдей субъект   ретінде танып, дара тұлға ретінде қабылдап, шығармашылық жұмысқа бағыттау, дарынды балалардың қабілеттерін дамытуға қолайлы жағдай туғызу – әр ұстаздың міндеті.

Қазіргі кезде балалар дарындылығын арттыру үшін көптеген жұмыстар істелінуде. Солардың ішінде дарынды оқушылар арасында ғылыми пәндер бойынша өткізілетін пәндік олимпиадалардың орны ерекше. Пәндік олимпиадалар- оқушылардың білім деңгейін тексерудің бұқаралық сипаттағы жарыс түрінде өткізілетін бірден – бір формасы.

Жалпы пәндік олимпиадалар мектеп оқушыларының  пәнге деген қызығушылығын тудырумен бірге, олардың білімін бағалаудың әділ жолы болып табылады. Мектеп оқушылары арасында географиядан пәндік олимпиада өткізудің басты мақсаты-дарынды оқушыларды іріктеу, кәсіптік бағдар бере отырып, география мамандығын игеруге шақыру, маман-кадрлар дайындауға үлес қосу, білім мен тәрбие берудің оңды жолдарын іздестіру. Пәндік олимпиадаға оқушы таңдауда пән мұғалімі ең алдымен бала бойынан пәнге деген басым қызығушылығын, оның бойынан туа біткен қабілетін көре білуі қажет.

Оқушының шығармашылық қабілетін іскер де білікті мұғалім ған шебер ұйымдастыра алады. Міне осындай жұмыстарды атқарып жүрген қарапайым ауыл мұғалімі географиядан республикалық атаулы мектептің белсенді мүшесі,№80 мектеп-гимназияның зерттеуші ұстазы Серік Ұзақбайұлы Ниязов. Ол олимпиадаларға, сайыстарға ерінбей жалықпай оқушыларды қатыстырып, республикалық деңгейдегі жүлделерді иеленіп жүр.

Еуразия Гумилев университетіндегі саясаттану олимпиадасы, Павлодар қаласы С.Торайғыров университетіндегі Сәтбаев оқулары, Қорқыт ата университеті сияқты беделді оқу орындарының олимпиадаларында оқушылары дарынды шәкірттері топ жарды. Жылда аудандағы олимпиадаларда биік белестерді бағындырған оқушылары облыстық сайыста ұдайы орын алып қайтады. 2018-2019 оқу жылында Ақтөбе қаласында жалпы пәндер бойынша өткен республикалық пәндік олимпиадада оқушысы сырбойылықтардың намысын қорғап жүлделі екінші тұғырдан көрініп, “Ауылдың үздік оқушысы – 2019” атағын иеленсе, парасатты педагог “Үздік ауыл оқытушысы – 2019” мәртебесімен марапатталды.

Облыс мәртебесін асқақтатқаны үшін облыс әкімінің қабылдауына болып, алғыс хат және білім және ғылым министрлігінің құрмет грамотасын иеленді. Бұның барлығы ұстаздың оқушымен бірге жұмыс жасауы, ұстаздың ізденімпаздылығы, жауапкерілігіне қоса ерен еңбегі саналады. Кейіпкеріміз үшін алдыңғы жылдан биылғы жетістіктері қомақты болған-ды. Сондықтан алдағы Жаңа 2020 жылда озық оқушылары тәуелсіз еліміздің географиясын әлемге танытатындығына зор сенім бар. 

Республикалық білімгерлер басылымының ақпараттық сайты арқылы еліміздегі барша ұстаздар қауымы мен мектептегі әріптестерімді Жыл басы – Тышқан жылымен шын жүректен құттықтап, баянды бақыт пен береке бірлік тілеймін!

Назым БАЙМАХАНОВА, 
Төретам кентіндегі №80 мектеп гимназияның
тарих география пән бірлестігінің жетекшісі,
Қызылорда облысының Қармақшы ауданы
 

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий