Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың облыстық кезеңі өткізіледі

Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының жұмыс жоспарына сәйкес 2020 жылдың 4-7 қаңтар аралығында дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан  ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы оқушылардың жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиадасының облыстық кезеңін өткізеді. Бұл туралы білім басқармасының баспасөз қызметі хабарлайды.

Олимпиаданы өткізудің мақсаты – зияткерлік және шығармашылық қабілеттерін дамыту, оқушыларды республикалық және халықаралық олимпиадаға қатысуға іріктеу және дайындау.

Олимпиаданың қатысушылары аудандық/қалалық кезеңдердің жеңімпаздары, 9-11 сыныптардың 700 астам оқушысы.

Олимпиада 14 пәннен 2 айналымда (теориялық және тәжірибелік) өткізіледі: «Математика», «Физика», «Химия», «Биология», «География», «Информатика», «Қазақстан тарихы», «Адам. Қоғам. Құқық.», «Қазақ тілі мен әдебиеті», «Орыс мектептеріндегі қазақ тілі», «Орыс тілі мен әдебиеті», «Қазақ мектептеріндегі орыс тілі», «Ағылшын тілі», «Неміс тілі».

Олимпиаданың І айналымы (теориялық) 2020 жылдың 5 қаңтарында өтеді, басталуы сағат 09.00-де;

Олимпиаданың ІІ айналымы (практикалық-эксперименттік) 2020 жылдың

6 қаңтарында өтеді, басталуы сағат 09.00-де.

Олимпиада төмендегі білім мекемелерін базасында өткізіледі:

  1. ДБА Жамбыл ат. ОММГИ (Амур көш., 12/1);
  2. С. Аманжолов ат.ШҚМУ – бас ғимарат (30-шы Гвардиялық Дивизия көшесі, 34);
  3. С. Аманжолов ат, ШҚМУ – №7 ғимарат (Шәкәрім даң., 148) базасында өткізіледі.

Республикалық олимпиаданың облыстық кезеңінің қазылар алқасының құрамына аймақтың үздік ғалымдары енді.

Қызығушылық танытатын БАҚ өкілдерін 2020 жылдың 7 қаңтарында сағат 10.00-де, Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ базасында, Өскемен қаласы, Серікбаев көш., 19  мекенжайында өтетін Олимпиаданың салтанатты жабылуына шақырамыз.

Қосымша ақпаратты Өскемен қаласы, Абай даңғылы, 21 «Дарын» ШҚ ДпҚББДҒӘО мекен жайы және 8 (7232) 754-212, 700-244 телефондары бойынша білуге болады.

Өту уақыты: 2020 жылғы 4-7 қаңтар.

Ұйымдастырушылар: Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы, Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы.

 

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий