Все новости

Ұлттық тарихты оқытудағы электронды  Ресурстар

Бүгінгі ұшқыр ақпараттану заманында әлеуметтік-гуманитарлық пәндерді, оның ішінде Отан тарихын оқып-үйренуде электронды ресурстарды қолдану аясы кеңейе түсуде. Электронды ресурстардың мол мүмкіндіктері оқу орындарында ғана емес, Отан тарихы мәселелеріне қызығушылық танытатын қалың оқырман қауымы үшін де тиімді ақпарат көзіне айналып отыр.

Мақаламыздың тақырыбына «Қазақстанның қазіргі заман тарихы» пәнін жоғары білім беру жүйесінде оқып-үйренудегі электронды ресурстардың рөлі мен маңызы арқау болып отыр.

Президент Н.Ә.Назарбаев: «Болашаққа бағдар: қоғамдық сананың жаңғыруы» мақаласында «Біз тарих, саясаттану, әлеуметтану, философия, психология, мәдениеттану және филология ғылымдары бойынша студенттерге толыққанды білім беруге қажетті барлық жағдайды жасауға тиіспіз. Мәдени өнімдеріміз тек кітап түрінде емес, әртүрлі мультимедиалық тәсілдермен де шыққаны абзал» деген еді. Соған сәйкес Алматы энергетика және байланыс университетінің «Қазақстан тарихы және мәдениеті» кафедрасының бір топ профессор-оқытушылары осы игі іске өз үлестерін қосуды жөн көрді.

Биылғы оқу жылы университетімізде «Қазақстанның қазіргі заман тарихы» атты электронды оқу құралы жарық көрді. Қазақ тіліндегі оқу құралы Adobe Flash CS5.5. бағдарламасының негізінде дайындалды. Оқу құралының электронды нұсқасының дайындалуы «Қазақстанның қазіргі заман тарихы» пәні бойынша түрлі деңгейдегі материалды  (мәтін, танымдық тапсырмалар, тест, глоссарий, презентация, видео) жүйелеуге мүмкіндік берді.

Мұндай электронды ресурстың функционалды мүмкіндіктері мол. Оқу құралы студенттердің біліктіліктері мен дағдыларын дамытуға мүмкіндік береді. Аталмыш оқу құралында бүгінгі білім беру жүйесінде айналымға ене бастаған кәсіби категориялық аппарат қамтылған.

1

Оқу құралының мұндай электронды нұсқасы жергілікті (локальный), яғни тасымалды (CD диск, хард-диск, т.б..) дисктер арқылы пайдаланылады.

Бұл электронды оқу құралын пайдалану да еш қиындық тудырмайды: тінтуір арқылы оқу құралының мұқабасындағы «Қазақстанның қазіргі заман тарихы» атауын басу арқылы, оқу құралының мазмұнын ашасыз және ары қарай басқа бөлімдерге өте бересіз.

Тақырып бойынша электронды ресурстардың бай қорына: электронды мұрағат көздері, жеке фото-коллекциялар, ғылыми-көпшілік басылымдардың электронды нұсқалары, сол оқиғалардың куәгерлері, ғалым-зерттеушілер қатынасқан деректі фильмдер, т.б. жинақталды. Әр тақырып схема, кесте, диаграмма, карта, тарихи тұлғалардың бейнесі, т.б. топтастырған презентациялармен жабдықталған.

Қарастырып отырған кезеңнің қайғылы оқиғасының бірі — ауыл шаруашылығындағы күштеп ұжымдастыру науқаны.

Дәріс барысында интернет желісі арқылы Ресей Федерациясының жекелеген мұрағат қорларына кіре отырып, Қазақстандағы ауыл шаруашылығының ұжымдастыру кезеңі бойынша студенттерді дерек көздерімен таныстыруға болады. Мәселен,  мына сайттар көмегімен студент ГОЛОД В СССР. 1930 — 1934 ГГ. — Архивы России rusarchives.ru/publication/hunger-ussr/index.shtml‎, ГОЛОД В СССР. 1930 — 1934 ГГ. — Архивы России www.rusarchives.ru/publication/hunger-ussr/content.shtml‎ зұлмат жылдарындағы  түрлі оқиғалардың куәгері бола алады. Сайттар Ресей Федерациясының мемлекеттік мұрағаты (ГАРФ), Ресейдің мемлекеттік экономикалық мұрағаты (РГАЭ), т.б құжаттарымен танысуға және оларды еркін пайдалануға  мүмкіндік береді.  Бұрын «құпия», «ерекше құпия» грифімен жабық болып келген құжаттардың электронды нұсқасымен  интернет жүйесі арқылы танысудың студент  қана емес, ересек оқырмандар үшін де маңызы орасан зор. Аталмыш мұрағат қорлары сол қасіретті жылдары республика облыстары мен аудандары бойынша орын алған көші-қон үрдістері, жаппай шетелге қоныс аудару барысы, т.б. ақпарат береді.

Мұндай электронды ресурстардың тағы бір ұтымды тұсы – презентациялар көмегі. Оларда түрлі фото-суреттерді жинақтау мүмкіндігі бар. Мәселен, тақырыбымызға қатысты төмендегі суреттер Белоруссия мен Қазақстандағы ашаршылық жылдары қараусыз қалған аш, панасыз балалар туралы мәлімет береді. Фото-суреттерді салыстыра отырып,  күштеп ұжымдастырудың тұтас КСРО халықтары үшін нағыз апат болғанын көзбен көріп елестете алады.

(Голодомор в Беларуси | Інстытут беларускай гісторыі і культурыГолодомор в Беларуси | Інстытут беларускай гісторыі і культурыinbelhist.org — 483 × 327)

Сонымен қатар мұнда да профессор-оқытушылардың дайындаған танымдық тапсырмалары, тест және глоссарий берілген.

Электронды оқу құралын дайындау барысында Отан тарихын оқып-үйренудегі электронды ресурстардың көмегі мен маңызына куә болдық және осы бағыттағы жұмысты әрі қарай да жалғастыру қажет деген ойдамыз.

 

                                                                         Болат КАБДУШЕВ

Қазақстан тарихы және мәдениеті кафедрасының меңгерушісі

Сауле БАЙДИЛЬДИНА

Қазақстан тарихы және мәдениеті кафедрасының доценті

Алматы энергетика және байланыс университеті

Categories: Все новости

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.