Қарағандыда робот құрастырушылардың кезекті байқауы наурыз айында ұйымдастырылмақ

Қарағандыда алдағы наурыз айының 27 – 28 күндері аралығында робототехника, бағдарламалау және инновациялық технологиялардың “RoboLand – 2020” VI-шы халықаралық фестивалі ұйымдастырылатын болады. Бұл кезекті бәсекені үйлестірушілер – халықаралық спорттық және білім робототехника ассоциациясы, Kazdidaс ассоциациясы және демеушілер мен серіктестердің қолдауымен Қарағанды облысының Білім басқармасы болып табылады, – деп хабарлайды аймақтағы салалық құрылымның баспасөз қызметі. 

Дәстүр бойынша фестиваль қарсаңында «Қарағандылық кездесулер» – жаттықтырушылар мен ұстаздардың форумы өтеді. Кең ауқымды іскерлік бағдарламада семинарлар, робототехника бойынша қазақстандық және шетелдік жетекші мамандардың шеберлік сыныптары мен тұсау кесерлері қарастырылған. Робототехника, бағдарламалау және инновациялық технологиялардың «RoboLand 2020» VI-шы халықаралық фестивалінің ақтық жарыстары 2020 жылдың 27-28 наурызы аралығында «Жастар» спорт кешенінде («Шахтер» стадионы аумағында) өтеді. Іріктеу жарыстары Қарағанды облысының қалалары мен аудандарында және Қазақстан мен Ресейдің түрлі өңірлерінде жыл бойы өтуде. Қатысушылардың жасы 4 пен 21 жас аралығында.

RoboLand –Қазақстандағы алғашқы ірі робототехникалық жоба. Ол өзіндік тарихы бар, техникалық шығармашылық пен жаңа технологиялардың ең ауқымды, танымал әрі беделді форумы, жаңа кездесулер мен тәжірибе алмасу ортасы, білім жүйесі мен робототехника арасын жалғаушы құрал. Алғашқы фестиваль 2015 жылы ұйымдастырылып, бес аталым бойынша 30 команда бақ сынаған еді. Бір жылдан соң республикалық фестиваль халықаралық дәрежеге жетті. Бесінші, мерейтойлық «RoboLand 2019» ұйымдастыру комитеті жарыстар үшін ең қызықты 15 санатты таңдады. RoboLand Party ойын-сауық алаңында балалар ресми емес форматта әңгімелесті.

Робототехника, бағдарламалау және инновациялық технологиялардың VI-шы халықаралық фестиваліөз қатысушыларына 14 санатты ұсынады. Олардың төртеуі үлгілік болады: «Лабиринт -балалар», «Робо-геометрия», «Rescue-maze» және «3D-Автомодельдеу». RoboLand географиясы да кеңейеді. «RoboLand 2020» бағдарламасында алдыңғы көрермендерге арналған шоу мен тұсау кесерлер де, және де барлық келушілер үшін өздігімен роботтарды басқару қалады.

RoboLand өзгеріссіз қалатын нәрсе ол – электронды жүйе арқылы тіркелу және қорытындыларды шығару, тәуелсіз кәсіби қазылар алқасы және робототехника бойынша жаңа өнімдер көрмесі. «RoboLand 2020» қош келдіңіздер – 27-28 наурыз 2020 жыл, Қазақстан, Қарағанды, «Жастар» спорт кешені. Фестиваль жайлы толық ақпарат пен бағдарламаны www.roboland.kz сайтынан таба аласыздар. Ұйымдастыру комитеті мен Атқарушы дирекциямен байланыс: тел/факс: +7 (7212) 41 51 94, ұялы тел: +7 705 203 28 28, +7 701 445 0955. E-mail:roboland.kz@gmail.com.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий