Біз – Мәңгілік елдің ұрпақтары

Патриоттылық — бұл Отанға деген адалдық, өз халқына деген сүйіспеншілік пен мақтаныш сезімі, ел жетістіктері мен қасіретін, жеңістері мен жеңілістеріне алаңдап, мүдделеріне қызмет ету, Отан қорғау кезінде өзін-өзі құрбан етуге дайын болуға ұмтылу. Отанға деген махаббат әлеуметтің қабылданған моральдық нормаларымен қалыптасатын адамның сезімталдық күйі, оның сенімдері, көзқарастары.

«Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығында «Біз – Мәңгілік елдің ұрпақтары» тақырыбындағы жас патриоттардың республикалық жиынына орай биылғы жылдың екінші ауысымы басталды. Бұл ауысымға туған жерге деген шексіз сүйіспеншілік пен терең де ыстық сезімімен патриоттық іс-шаралардың қатысушылары мен батыр балалар, балалар бірлестіктері мен жасөспірімдер ұйымдарының белсенділері мен көшбасшылары келгеніне өте қуаныштымыз.

Еліміздің болашағы – сіздердің білімдеріңізге, күш-жігерлеріңіз бен патриоттық сезімдеріңізге байланысты. Сондықтан да жұдырықтай жүрегі елім, жерім деп соғатын, рухани бай жастарымызды тәрбиелеу, дұрыс бағыт-бағдар беру біздің «Балдәурен» қызметкерлерінің алдына қойған басты міндеті.

Айнұр Жетпісбайқызы ЕРДЕНОВА,
“Балдәурен” РОСО баспасөз хатшысы,
Ақмола облысы, Бурабай ауданы


Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Біз – Мәңгілік елдің ұрпақтары

  1. Любовь к Родине такая же, как моя любовь к маме, моим детям и ко мне, если не более того. Патриотизм – это работа и трудолюбие на работе, это образование, совершенствование науки и науки, патриотизм – это защита от всех врагов, и первым из этих врагов является невежество, нищета и болезни. Итак, с помощью науки и работы мы строим нашу родину.

Добавить комментарий