Қостанай қаласындағы кадет оқушылары құқық қызметкерлерінің академиясымен танысты

Қостанай қалалық білім бөліміне қарасты №28 кадет орта білім беретін мектебінің оқушылары болашақ құқық қорғау саласының жоғары білімді кәсіби мамандарын даярлайтын академиялық оқу орнының тыныс тіршілігімен танысты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ішкі істер министрлігінің құзырындағы академия табалдырығын аттаған жастар ең алдымен мемлекет және қоғам қайраткері, Қазақ КСР Ішкі істер министрі, генерал-лейтенант (ІІ дәрежелі ішкі қызмет генерал-лейтенанты), ІІМ еңбек сіңірген қызметкері  және осы арнаулы жоғары оқу орнына құрметті есімі берілген Шырақбек Қабылбайұлы Қабылбаевтың (1908-1976 жж.) өмірбаянымен және академия тарихымен танысып, мұражайды тамашалады. Оқу ордасына арнайы ат басын бұрған өскелең ұрпақтың басты мақсаты – болашақта таңдаған мамандықтарынан адаспау, кәсіби және жан-жақты дамыған тұлға ретінде тәуелсіз еліміздің баянды болашағына қалтқысыз кызмет жасау үшін ардақты аға буын өкілдерінің ғибратты ғұмырын үлгі өнеге тұту.

Оқушылар мұражайды тамашалағаннан кейін, акт залында «Жасөспірімдерге арналған Полиция академиясы», «Академия» волонтерлер клубы және академия туралы бейнеролик тамашалады. Сондай-ақ, оқушылар курсанттардың асханасына кіріп, күнделікті ас мәзірімен танысты. Одан кейін спорт кешенін аралап, онда спортпен жаттығып жатқан курсанттардың бір күндік өмірімен танысты. Қонақтарға курсанттарымыз спорттың әр түрінен жаттығулар көрсетіп, олардың спортқа деген қызығушылықтарын оятып талпындыра түсті. Жалпы академияның тыныс-тіршілігі, профессорлық-оқытушылық құрамының сабақ беру тәсілі, спортпен шұғылдану жаттығулары, келген оқушылардың көңілінен шықты.

Кездесу барысында оқушылар сұрақтарын қойып, академияның басқа жоғары оқу орындарынан қандай айырмашылықтары бар екендігіне жауап алды, сонымен қатар бұл ведомстволық оқу орнында білім нәрін алып жатқан курсанттар, яғни болашақ тәртіп сақшыларының білімімен қоса ғылымда, спортта және басқа да салаларда қол жеткізген жетісктерімен танысты. Оқушылар тамаша кездесуден кейін, болашақта ішкі істер органдарының тәртіп сақшылары болғылары келетіндігін жеткізді. Бір күндік кәсіптік бағдар жұмысы осылайша жемісті өтті.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий