Бүгінгі ұрпақ – ел болашағы

Ұлт болып ұйысып, ел болып еңсемізді көтерген кезеңде қолға алған ісіміздің бірі – ұрпақ тәрбиесі. Осыған байланысты ата-ана мен ұстаздар бала тәрбиесіне аса зор мән беріп отыр. Бүгінгі таңда бала тәрбиесі қоғамның негізгі мәселесі болып отыр. Дегенмен де, мәдениетті тұлға тәрбиелеп шығару –  қоғамның басты міндеті.

Осы тұрғыда ата-ана мен ұстаздың өнегелік орны  ерекше. Сондықтан да отбасы мен мектептің бірлесе отырып әрекет етуі тиіс. Осыған орай, білім ордасы тарапынан «Бала тәрбиесін қалай түсінеміз?» атты коучингиті өткіздік. Аталмыш коучингте бала тәрбиесіндегі ата-ана мен мұғалімнің орны қандай, сынды сұрақтарға жауап іздеп, өз пікірлерін ортаға салып, «Үштік» ұстанымға сай тәрбие беру жолдары талқыланды

Абай атамыз былай дейді; «Адамның жақсы болуы-тәрбиесінде, ақылында, өнер-білімінде. Адамға үш алуан адамнан мінез жұғады: ата-анадан, ұстазынан, құрбы- құрдасынан. Әсіресе, олардың қайсысын жақсы көрсе, содан көбірек жұғады». Пікірталас барысында баланың тәрбиесіне жауапты ол бірінші – отбасы, содан кейін ұстаз деген мәмілеге тоқталдық.

Ата- аналарға «Бала сезімін түсінеміз бе?» деген жағдаяттан шығу жолы ұсынылды. Өкінішке орай, көп ата-аналар баланың ішкі сезіміне, ой өрісіне көңіл аудармайды. Керісінше баланың ойын жоққа шығарып, тыйым шектеулерге жол беріп жататыны бар.

Балаларға жақсы тәрбие беру үшін оның көңіл күйін жиі сұрап, баламен тіл табыса білу керек. Осыған орай, жиын соңында ата-аналарға  өздерін осы міндеттерді күнделікті бақылауға алып отыру ұсынылды.

«Оқудағы мақсат-жалғыз құрғақ білім үйрету емес,біліммен бірге жақсы тәрбиені қоса беру» деген Міржақып Дулатұлының сөзі қазіргі күнге дейін өзектілігін жоғалтпағаны көрініп ақ тұр. Сапалы білім мен саналы тәрбие алған ұрпағымыз егеменді еліміздің ертеңін жарқын ететіне еш күмән тудырмайтыны хақ.

Гульфия ЕСТЕНОВА,
№141жалпы білім беретін мектебінің
бастауыш сынып мұғалімі, Алматы қаласы

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий