Болашақ мамандықтың иелері

Жыл сайын елімізде түрлі мамандық иелеріне оқу ордаларына мектеп түлектері түсіп жатады. Осыған орай, оқушылар таңдауды дұрыс жасау үшін Шымкент қаласы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде әкелер алқасының қатысуымен жиын өтті, – деп хабарлайды осы білім ордасының баспасөз қызметі.

Болашақта «Экономист», «Заңгер» болуды армандайтын бала көп. Бірақ, жыл өткен сайын бұл мамандықтарға бөлінетін мемлекеттік грант аз, оның үстіне жұмыс орны жоқтың қасы. Ата-аналарды жаңа заманның мамандықтарымен таныстыру мақсатында өткен шараға 7-12 сынып оқушыларының әкелер алқасы қатысты.

Басқосуда  мектебіміздің кәсіби бағдарлау кеңесшісі Мөлдip Тажибекова «Мамандық таңдау жолындағы әке рөлінің маңыздылығы» тақырыбында өз ойын ортаға салды. Маман оқушылар арасында сауалнама жүргізіпті, соның нәтижелерімен бөлісті.  Оның айтуынша, мамандықты бала өзі таңдайды. Ата-ананың пікірімен санасатындар аз. Сондай-ақ, бала әкеге қарағанда, ананың айтқанына көбірек құлақ асады екен.

Жиын барысында сұранысқа ие мамандықтар туралы мағлұматтар берілді. Сонымен қатар, баланың қызығушылығы, мінез-құлқына қарай мамандық таңдауға кеңестер айтылды.  Жұмысқа тұру үшін маманның қай  оқу орнын бітіргендігі маңызды саналатындығы да назардан тыс қалмады.  Ата-аналарға бір ғана «математика» немесе «физика» мамандықтарымен Қазақстанда 50-ге жуық мамандық таңдауға болады дегенге құлақ қағыс қалды.

Сонымен қатар, басқосуда әкелер алқасы  «Ұрпақтар теориясымен» танысты. Мамандар олардың айырмашылықтары мен құндылықтарын түсіндіріп, тәрбие беру үдерісіндегі қиындықтарды атап өтті. Жиын соңында әкелер коуч жаттығу орындап, баланың тұлғалық қалыптасуына ықпал жасайтын дағдыларымен танысты. Сондай-ақ, білім ордасының ұжымы мамандық таңдауға әкелерді көбірек атсалысуға шақырды.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий