Педагог мәртебесі – ел мүддесі

Қазақ елін төрткүл дүниеге танытудың алдағы мүмкіндіктері тікелей жастардың қолында. Ұлт көшбасшысының өскелең ұрпақ өкілдеріне көбірек жүгіне сөйлеуі – айшықты дәлел. Қоғам сұранысына лайық азаматты қалыптастыратын басты институт – мектеп.

Білім берудегі озық тәжірибелерді сіңдіре отырып, тұлғаға бағдарланған білім беру процесінде педагогтардың қоғам мен әлеумет алдындағы жауапкершілігі жоғарылап, кәсіби өсу дәрежесі де артып келеді. Адами өркениеттің бүкіл өне бойында еңбектің қоғамдық бөлінуінің құрылымында айрықша əлеуметтік (қоғамдық) функция қалыптасып, қарқынды дамуға ие болды. Нәтижесінде сапалы білім мен саналы тәртіпке баулитын мұғалім мамандығы қалыптасқандығын білеміз. Педагог қауымының ең басты міндеті мəн-мазмұны ерекше, күрделі де қиын қызметті жүзеге асыру арқылы жас жеткіншектерді адамзаттық мəдениеттің рухани құндылықтарына үйретудің негізінде үлкен өмірге дайындау еді.

Отандық ұстаздардың алдында отаншылдық сезімі жоғары, ұлттық салт-дәстүрлерге адал, мемлекеттік рәміздерге құрметі шексіз, құқықтық санасы биік жаңа заман өкілдерінің дамуына дұрыс бағыт пен бағдар беру міндеті тұр. Ян Амос Коменский пайымдағандай «адам білімді кез келген жасында ала беруіне болады, оның оқудан басқа мақсаты болуы мүмкін емес. Бүкіл өмірі мектепке айналуы керек, тек қай жаста неге қабілетті екенін білсе болады». Демек қазіргі кезде жаңаша мазмұндағы оқыту шеңберінде шәкірттерді ақыл мен ойдың тоқсан тарау саласы тоғысқан дара жолға жетелеудің маңыздылығы бәсекеге қабілеттілікті қамтамасыз етумен тікелей байланысты.

Тұңғыш Президентіміз – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен қазақстандық ұстаздардың мәртебесі туралы жаңа заңнаманың жобасы жасалып, қоғамдық талқылаулар арқылы жан-жақты зерделенген нұсқасына Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қол қойғаны баршамызға белгілі. Бұл құқықтық құжат кәсіптік қызметті әлеуметтік тұрғыдан қаржымен қолдап, жаңа серпіліс пен тың ізденістердің бастамасына айналуда. Тәуелсіздік тарихында алғаш рет жасалған бұл заңда педагог мәртебесі айқындалып, құқықтар мен міндеттерге қоса зор жауапкершілік белгіленді.

Білім беру саласында кәсіптік қызметін жүзеге асырған және ел заңнамаларына сәйкес белгіленген тәртіп бойынша тиісті ұйыммен еңбек қатынастарында болған кезеңде кез-келген адам педагог мәртебесіне ие болады. Сондықтан ұлттың мүддесі үшін қарым қабілеті мықты зияткер ұрпақты тәрбиелейтін барша әріптестеріміздің кепілдіктері мемлекеттік деңгейде ұлықталды. Бұл қуанышты жаңалықты ерекше ықыласпен қабылдап, өршіл өрендерді ақылы мен ойын биік деңгейге көтеруді парасатты парызға санаймыз.

Данагүл Рысбайқызы КЕРЖИКЕЕВА,
№102 жалпы орта білім беру мектебінің
директоры, Алматы қаласының Жетісу ауданы

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий