Әлеуметтік серіктестік – мамандарды дайындаудың негізі

Еліміздің келешегі – жас ұрпақтың білімі мен тәрбиесіне ерекше назар аударуы біздің көкейіміздегі көп сауалдардың бірі. Елбасымыз жастардың, техникалық және кәсіптік білім алуының мемлекетпен кепілдендірілген жүйесіне көшіруді мәлім етті. Яғни алдағы бірнеше жылда дуальді техникалық кәсіби білім берудегі ұлттық ұстанымның өзегі ретінде қалыптасатындығы хақ.

Дуальды оқытудың негізгі артықшылықтары ең алдымен, жас мамандардың жұмысқа орналасуының жоғары пайызын қамтамасыз ететінін жатқызуға болады. Өйткені олар жұмыс берушінің талаптарына толығымен жауап береді. Біріншіден, дуальды білім беру процесі, ең алдымен жеке тұлғаға бағытталып, студенттердің шығармашылық іскерлік сапаларын, рухани-адамгершілік мәдениетін қалыптастырады. Сонымен қатар, болашақ мамандардың функционалдық сауаттылығы немесе құзыреттілігі қалыптасады. Екіншіден, білім берудің негізгі мәселесін – еңбекке орналасуды шешуге мүмкіндік беретіні және кәсіпорын мен колледждерде оқу арқылы қажетті біліктілікке қол жеткізуі.

«Білім туралы» заңнамада “Корпоративтік білім беру» деген түсінік енгізілді. Дегенмен, түп мақсаты студенттерді біліммен қаруландырып қана қоймай, оларға мамандығы бойынша біраз тәжірибе беру болып табылатын дуальды жүйені әлі де дамыта түсу керек. Бұдан ұтпасақ, ұтылмайтынымыз анық. Дуальды жүйе қалыпты құбылысқа айналып, оқу орындары мен жұмыс берушілер арасында мықты байланыс орнаса, қолына диплом алған әрі оқу барысында-ақ мамандығының қыр-сырын меңгерген студентке ешкім де «тәжірибең жоқ» деп айта алмас еді. Осылайша білімді, бірақ жұмыссыз жастардың саны әлдеқайда азаяры сөзсіз.

Бүгін білім беру мен бизнес мемлекеттің дамуындағы басты компоненті болып отыр. Сондықтан бүгінгі таңда дуальдік оқыту жүйесі – әлемдегі кәсіби-техникалық мамандар даярлаудың тиімді жолы. Өйткені өз мамандығын осы жүйемен меңгерген түлектер бірден қызметке орналаса алады. Олар өндіріске маман ретінде бекітіле отырып, оқу барысында ерекше көзқарас қалыптастырып, жауапкершілікті түсініп, қызыға оқиды. Сонымен қатар студент өндірістік ұжымдағы қарым-қатынасқа ерте бейімделіп, әлеуметтік ортаға үйренетіндігін айтып өтті. Бұл жерде еңбек нарығында сұраныс болса, жаңа бітірген жас маман жұмысқа тез-ақ орналасатынын ерекше айтып өткім келеді. Ақиқатында, жастарға дуальды оқыту жүйесі ерте өз еркін алуға мүмкіндік береді және ересек өмірге өтуге бейімделу жеңіл болады.

Оқу барысында өз еңбегіне ақы ала отырып, ал кейін жақсы маман жұмыс орнына кедергісіз орналаса алатын болады. Дуальды оқыту жүйесі Германия, Австрия, Дания, Нидерланды, Швейцария сияқты көптеген еуропалық елдерде және соңғы жылдары Қытайда және Азияның басқа да елдерінде кең тараған және оң нәтижеге ие болып отыр. Осы дамыған елдердің қатарында Қазақстан Республикасы да биік тұғырдан көрінетініне сенімдімін.

Біздің арнаулы оқу орны да осы бағыт бойынша теория мен тәжірибені ұштастыратын дуальды оқыту жүйесін енгізуді алға қойып отыр. Әлеуметтік серіктестік аясында колледжіміз негізінен ауыл шаруашылық саласына білікті жас кадрларды даярлау үшін 10-нан астам өндірістік мекемелермен келісім шартқа отырды. Соның ішінде «РЗА» АҚ, «РЗА-Асыл түлік» ЖШС, «РЗА-Агро» ЖШС, «РЗА-Транс» ЖШС, «Жылу ХХІ» ЖШС, «Сыр маржаны» ЖШС, «Жалаңтөс» ЖШС, «Мерей» ЖШС, «Намыс-құрылыс» ЖШС, «Қазалы-Жолшы» ЖШС негізгі әлеуметтік серіктестер.

Кәсіптік білім саласындағы әлеуметтік серіктестік дегеніміз – оқу үрдісіне қатысты тұлғалардың сұранысын қанағаттандыруға және оны жүзеге асыруға мақсатталған оқу орындары мен еңбек нарығының арасындағы байланыс. Әлеуметтік серіктестіктің мақсаты: білім алушылардың таңдаған мамандық туралы түсініктерін қалыптастыруға бағытталған және кәсіби қызметін практикалық меңгеруіне мүмкіндік беру; оқу барысында алған теориялық кәсіби білімдерін тәжірибеде пайдалану дағдыларын тереңдету және бекіту; практикалық және басқару мәселелерін шешу дағдыларына үйрену; өзіне мақсат қою, кәсіби іс-әректінің мәселелерін анықтап, олардың өндірістік жағдайда шешу іскерлігін қалыпатстыру; өз ісін жақсы меңгерген, жан-жақты, бәсекеге қабілетті маман даярлау.

Осы орайда түрлі мамандықты таңдаған жастарға сапалы білім беріп, дұрыс жолға бағыттаушы, оның кәсіби жетілуі үшін қажетті жағдайларды жасаушы – өз пәнін жетік білетін, кәсіби дағдылары, педагогикалық дарыны бар, жаңашылдыққа ұмтылатын, өзіне сын көзбен қарай алатын оқытушылар мен өндірістік оқу шеберлері.

Басты мақсат – ұлттық және халықаралық білім беру стандарттарын есепке ала отырып, ұлттық тәрбиенің бірізділігі негізінде өз еліне адал, отансүйгіш азамат, жан-жақты дамыған тұлға ретінде қалыптастыру. Дуальді техникалық кәсіби білім беру тәуелсіз еліміздің ұзақ мерзімді көздейтін нақты межелерге жетудің құрамдас бірі бөлігіне айнала бастағаны баршаға белгілі. 

Нұржан Қалабекұлы ІЛИЯСОВ,
Қазалы аграрлы – техникалық колледжінің
өндірістік оқыту шебері, Қызылорда облысы

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий