Қайталанбас тұлғаның тағылымы

Мемлекет басшысы Қасым – Жомарт Тоқаевтың «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» тақырыбындағы рухани мақаласын мектебімізде кеңінен талқыладық. Зерделеу барысында ұстаздардың алдында тұрған мақсатты межелерге ерекше назар аударылды.

Президент мақаласында: – Педагог мәртебесі туралы» заңның қабылдануы – осы бағыттағы игі бастамалардың бірі. Бұл – сапалы білім беру ісін жетілдіруге арналған қадам. Жалпы, кез-келген қоғамда ұстаздың орны бөлек. Мұғалімдер білімді әрі саналы ұрпақ тәрбиелеу ісінде аса маңызды рөл атқарады. Ұстазға құрмет көрсетіп, қадірлеу – бәріміздің міндетіміз. Сондықтан мемлекет мұғалім мамандығының мәртебесін көтеріп, алаңсыз жұмыс істеуіне жағдай жасауы керек, -деген қолдауын ұстаздар қауымы қуанышпен қабылдағаны даусыз.

Тұңғыш Президентіміз – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев: «Абай – қазақ халқының рухани қазынасына өлшеусіз үлес қосқан ғұлама ғана емес, сонымен қатар Абай еңбектері өскелең ұрпақтың рухани азығы, – деп айрықша атап айтқан болатын барша отандастарымызға арнаған сөзінде. Егер де, мемлекет басшысы Абайға жоғары баға беріп, асқақтатса онда мұндай Президент өзінің халқын да солай биікке көтере алады. Әсіресе «Өзге жұрт «Қазақ халқы – Абайдың халқы» деп, бізге ілтипат білдіріп отырса, зор мәртебе болары анық».

«Тамағы тоқтық, жұмысы жоқтық аздырар адам баласын», «Еңбек етсең ерінбей тояды қарның тіленбей» – деп әкем бізге ұстаным ретінде көп айтушы еді. Сонда ұлы ойшылдың дана сөздерімен бізді сусындатқан екен ғой. Абайдың өсиет сөздерін орта жасқа келгенде ғана толық түйсініп, кейбір қате қадамдарым мен кемшіліктерімді сын көзбен қайта түзетуге пайдаланғаным бар.

Бұл жиында адамзаттың абызы атанған тарихи тұлғаның тағылымы мен ұрпақтар сабақтастығына жалғасқан мол мұрасы жан-жақты зерделеніп, рухани құндылықтары жиырма бірінші ғасырдағы жаңа Қазақстанның игілігін пайдаланылуы тиіс деген байламға келдік. Абайдың өсиет-өнегесі елімізді алдыңғы қатарлы өркениетті жұрттың ортасынан ойып орын алуға жетелейтіндігі даусыз.

Күләш Мұхтарқызы АБДУЛЛАЕВА,
Тараз қаласындағы №57 орта мектептің директоры, Жамбыл облысы

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий