Үш қазақстандық боксшы Венгриядағы турнирдің алтын жүлдесіне таласады

Венгрияның Дебрецен қаласында боктан Иштван Бошкайды еске алуға арналған халықаралы турнирдің финалына шыққан боксшылар анықталды, деп жазады Olympic.kz

Ақтық сында айқасатын боксшылар қатарында үш қазақстандық спортшы бар. 52 келідегі Сабырхан Махмұдов италиялық Федерико Серруды ұтып, финалға жолдама алды. 69 келідегі Талғат Шайкен Украина спортшысы Ярослав Самоталовты жеңді. Сондай-ақ, 91 келідегі Айбек Оралбай франциялық қарсыласын ұтып, турнирдің алтынына таласатын болды. 

Ал жартылай финалда сүрінген Айдос Арапов (57 келі), Нұрбек Оралбай (81 келі) және Дамир Тойбай (+91 келі) қола жүлдегерлер қатарында. 

Финалдық кездесулер 7 ақпанға жоспарланған.  

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий