Хоккейден Қазақстан командасы олимпиада қарсаңындағы турнирді ірі жеңіспен бастады

Нұр-Сұлтан қаласында хоккейден Н тобының олимпиада қарсаңындағы іріктеуінің үшінші кезеңі басталды, – деп жазады Olympic.kz. 

Жарыс шымылдығын ашқан кездесуде Польша мен Нидерланд командалары кездесіп, поляктар 8:0 есебімен басым түсті. 

Ал кейін айдынға Қазақстан мен Украина командалары шығып, біздің хоккейшілер 8:1 есебімен жеңіске жетті. Қазақстан сапынан Дмитрий Шевченко, Егор Петухов, Дастин Бойд, Роман Старченко, Талғат Жайлауов, Даррен Диц, Аркадий Шестаков, Валерий Ореховтер көзге түскен.

Украина командасының жалғыз шайбасын Сергей Бабин соқты. Айта кетелік, 2022 жылғы Олимпиада ойындарына іріктеу кезеңі төрт айналымнан тұрады. Халықаралық федерация рейтингіне сәйкес, Қазақстан турнирді үшінші кезеңнен бастайды. G, H, J тобындағы жеңімпаздар төртінші кезеңдегі үш финалдық топқа қосылып, кейін төртжылдық додасының жолдамасына таласады. 

Алдағы күндері Қазақстан Польша мен Нидерландыға қарсы ойын өткізеді. 

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий