“Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы” поэзиялық кеш ұйымдастырылды

Елордасындағы Махамбет Өтемісұлы атындағы оқушылар сарайында қазақтың ұлы ақыны, ойшылы Абай Құнанбаевтың 175 жылдық мерейтойына орай “Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы” атты поэзиялық кеш ұйымдастырылды, – деп хабарлайды осы ұжымның баспасөз қызметі. 

Аталмыш кешке қаладағы білім мекемелерінің 9-10 сынып оқушылары көрермен ретінде қатысты. Сонымен қатар, әдеби поэзиялық кештің арнайы қонақтары ретінде Сарыарқа ауданы «Ардагерлер кеңесінің» мүшелері мен қалалық «Әжелер» вокалдық ансамблінің мүшелері шақырылған болатын. 

Махамбет Өтемісұлы атындағы Оқушылар сарайы Қазақ Ұлттық Өнер Университетінің үшінші курс «Театр және кино актеры» мамандығының студенттерінен құралған профессор Ақыш Омар Қоңыртайұлының шығармашылық щеберханасының жас әртістерімен бірлесе отыра, осы қойылымды жас көрермен  қауымына ұсынды. Жас әртістерден құралған шеберхана әртістері тағылымы мол туындыны тарту үшін үлкен жауапкершілікпен күрделі дайындық өткізген еді. 

Бұл қойылым Абай Құнанбайұлының шығармашылығының құндылығын  танытып, өскелең ұрпақты сөз өнерін бағалауға, әдебиет әлеміне деген қызығушылықтарын оятуға ықпал ететіндігі даусыз. Қойылымның негізгі арқауына  айналған данышпан ақыл ой иесінің қара сөздері мен ақындық өлең жырлары. Әдеби-музыкалық қойылымның ұзақтығы елу минутты құрады. 

Бұл басқосуды ұйымдастырудың негізгі мақсаттары мен міндеттері: қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаевтың шығармашылығын кеңінен дәріптеу; жастар қауымының Абай шығармашылығын ұғыну деңгейін айқындау; оқушыларды әдебиет өнерін жоғары бағалауға баулып, театр саласына деген қызығушылықтарын оятуды көздегенін айрықша атап айтқанымыз абзал.  

 

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий