Ақмола филармониясының “Айнакөл” фольклорлық ансамблі “Балдәуренде”

“Рухани жаңғыру” мемлекеттік бағдарламасын аймақтар іске асыру тапсырмасының аясында “Біз мәңгілік елдің ұрпақтары” аталатын жас патриоттардың республикалық жиыны ауысымы барысында Ақмола облыстық мәдениет басқармасының жанындағы аймақтық филармонияның “Айнакөл” фольклорлық ансамблі “Бәлдәурен” республикалық оқу сауықтыру орталығындағы оқушыларға арнайы әзірленген концерттік бағдарламаны ұсынып, өнерлерін көрсетті. 

Қазақтың ғұлама ойшылы, ақын Абай Құнанбайұлының туғанына 175 жыл толуына орай, бар қазақтың жүрегінің төрінен орын тепкен қазақ поэзиясының кемеңгер тұлғасының терең шығармалары арқылы жастардың ұлтжандылық сезімін ояту, елін, жерін, туған тілін сүю – Отан алдындағы қасиетті борыштары екендігін ұғындыру мақсатында «Айнакөл» фольклорлық ансамблі балдәурендіктерге халқымыздың музыкалық қазынасындағы сары алтындай сандалкер күйлері мен тебірендіретін толғау-термелерін тарту етті.

Сондай-ақ, «Айнакөл» фольклорлық ансамблі ауысым қатысушыларына асқақ жыр, сұлу сырлы күй, қанатты шешендік сөз, ұлағатты терме сынды тұнба бұлақтай төл өнерімізді насихаттап, салт-дәстүріміз бен ұлттық мәдениетімізді, тарихымызды, тілімізді, ділімізді жандандырып, өнер құдіреті-домбыраның үкісін желбіретіп, асқақтатып, дем берді.

Ұлттық өнер жасөспірімдер мен балаларға тек қана эстетикалық ләззат беріп қана қоймай, ұлттық -руханилығын байытып, талғамдарын дамытады. Осындай игі іс-шаралар балалардың бойына «Ұлттық өнер» деген үлкен қамалдың қалануына өз елінің азаматы ретінде үлесін қосуға жұмылдыратындығына бек сенімдеміз.

Айнұр Жетпісбайқызы ЕРДЕНОВА,
“Балдәурен” республикалық оқу сауықтыру
орталығының баспасөз хатшысы, Ақмола облысы 

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Ақмола филармониясының “Айнакөл” фольклорлық ансамблі “Балдәуренде”

  1. Важность поездок для детей ..
    Туристические поездки очень важны для детей, так как они работают, чтобы обновить свои силы, и это также помогает им приобретать экологические знания и информацию. Не только для детей, но и для взрослых. Старшие врачи и психологи рекомендуют такие поездки время от времени.

Добавить комментарий