Республикалық ғылыми жобалар конкурсында павлодарлық оқушыларының жетістіктері

Республикалық ғылыми жобалар конкурсы 2020 жылғы 11–14 ақпан аралығында Алматы қаласы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дің негізінде өткізілді. Ашықтық пен ақиқаттық мақсатында оқушылардың ғылыми жарыстары онлайн режимде өтті.

Республикалық ғылыми жобалар конкурсы – «Қазақстан – 2050» стратегиясындағы Қазақстан дамуының экономикалық және әлеуметтік модельдері» тақырыбы аясындағы оқушылардың ғылыми зерттеулер конкурсы. Конкурс төрт бағыт бойынша жүргізілді: «Ғылыми-техникалық прогресс – экономикалық өсудің негізгі буыны» (секциялар: физика, техника, Жер және Космос туралы ғылымдар); «Экономикалық және әлеуметтік процестерді математикалық модельдеу» (секциялар: математика, қолданбалы математика, экономика, информатика); «Таза табиғи орта – Қазақстан – 2050 стратегиясын іске асырудың негізі» (секциялар: биология, химия, қоршаған орта мен адам денсаулығын қорғау); «Қазақстанның тарихи ескерткіштері және болашақ дамуы бар саяхат бағдарлары» (секциялар: тарих, өлкетану, этномәдениеттану, әдебиет, тіл білімі, құқықтану).

 

Ғылыми жобалар конкурсына 14 облыс, Алматы, Астана, Шымкент ққ. және республикалық білім беру ұйымдарынан 737 оқушы қатысты. Павлодар облысынан облыстық кезеңінің 49 жеңімпаздары мен жүлдегерлері 34 жобамен қатысты. Павлодар облысының командасы 3 алтын, 15 күміс, 11 қола медальға ие болды.

І орын – Ы. Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған облыстық қазақ гимназия-интернатының 11 сынып оқушысы Мұхаметқан Әдия (өлкетану секциясы); Екібастұз қаласы № 24 мектеп-гимназиясының 11 сынып оқушысы Габдрафикова Амина (өлкетану секциясы); Ақсу қаласының мамандандырылған гимназиясының 11 сынып оқушысы Жуматаева Асель (әдебиет секциясы).

ІІ орын – дарынды балаларға арналған №3 гимназиясының 10 сынып оқушысы Искаков Баязет (техника секциясы); Екібастұз қаласы № 1 лицей-мектебінің 10 сынып оқушысы Филимонов Егор (математика секциясы); Екібастұз қаласы № 1 лицей-мектебінің 9 сынып оқушылары Крючков Владислав, Линник Дарья (математика секциясы); облыстық көп салалы лицей–интернатының 9 сынып окушылары Белокурова Злата, Стратонов Никита (математика секциясы); Абай атындағы №10 лицей-мектебінің 9, 10 сынып оқушылары Сапарбекова Амина, Юсупова Дильназ (қолданбалы математика секциясы); облыстық көп салалы лицей-интернатының 11 сынып оқушысы Мукина Даяна (экономика секциясы); “Жас Дарын” мектебінің 11 сынып оқушысы Шарипов Чингиз (биология секциясы); № 3 гимназиясының 11 сынып оқушысы Шумакова Майя (қоршаған ортаны қорғау және адам денсаулығын сақтау секциясы); Ы. Алтынсарин атындағы облыстық гимназия-интернатының 11 сынып оқушысы Тасбулат Ерасыл (қоршаған ортаны қорғау және адам денсаулығын сақтау секциясы); көп салалы лицей – интернатының 9 сынып оқушылары Асамбаева Айнур, Жетпіс Дияс (тарих секциясы); Павлодар қаласы № 16 лицей-мектебінің 11 сынып оқушысы Морец Таисия (әдебиет секциясы).

ІІІ орын – Баянауыл ауданы Майқайын № 2 ЖОББМ-нің 11 сынып оқушысы Габдулкалиев Нуржан (физика секциясы); облыстық көп салалы лицей-интернатының 11 сынып оқушысы Нургазина Нурай (қолданбалы математика секциясы); “Жас Дарын” мектебінің 11 сынып оқушылары Рахимжанова Ботагөз, Сыпатаев Алишер (экономика секциясы); Екібастұз қаласы №7 мектеп-гимназиясының 11 сынып оқушысы Калиев Даниял (тарих секциясы); Екібастұз каласы «Зерде» мамандандырылған жалпы білім беру мектебінің 9 сынып оқушылары Сейтказина Аяулым, Ержанова Айгуль (Адам және қоғам секциясы); “Жас Дарын” мектебіның 10 сынып оқушылары Амангельдинова Аделя, Жумабекова Замира, Шакарова Дильназ, Мұрат Дина.

ҚР БҒМ «Дарын» РҒПО-ның Құрмет грамотасымен 18 оқушы марапатталды.

«Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру
оқу-әдістемелік орталығы

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий