Алматылық зияткерлердің алты жүзге жуығы жүлдегер атанып, 358-і ғылыми жарыстар мен байқауларда жеңіске жетті

Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаровтың төрағалығымен Алматы қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі Қамқоршылық кеңесінің отырысы ұйымдастырылды, – деп хабарлайды шаһар әкімдігінің сайты.

Оған «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Басқарма төрағасы Күләш Шәмшидинова мен Қамқоршылық кеңес мүшелері: Алматы қаласы Білім басқармасының басшысы Ләззат Жылқыбаева, Алматы қаласы мәслихатының депутаты Әміржан Нәбиев, Алматы қаласы «Физика-математикалық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебі» филиалының директоры Жұлдыз Сүлейменова, AlmaU университетінің негізін қалаушы және президенті А.сылбек Қожахметов, «Ұлттық аударма бюросы» қоғамдық қорының директоры Рауан Кенжеханұлы және тағы да басқа басшылар қатысты.

Отырыс барысында мектептің 2019 жыл бойынша даму қорытындысы шығарылды, сондай-ақ білім беру қызметтерінің сапасын одан әрі арттыру, материалдық-техникалық базаны жаңғырту жөніндегі жоспарлар қаралды. Бүгінгі таңда НЗМ Алматы филиалының оқушылары республикалық және халықаралық олимпиадаларға белсенді қатысады: 600-ге жуық оқушы жеңімпаз және жүлдегер атанды, 358-і ғылыми жарыстар мен конкурстарда жеңіске жетті.

Назарбаев Зияткерлік мектебінің білім беру тәжірибесін қалалық мектептерге тарату және барлық оқушылар үшін НЗМ технологияларының қолжетімділігін арттыру мәселесіне ерекше назар аударылды. Жиырма үш жетекші мектеп НЗМ жүйесі бойынша сабақ беруге көшті. Алматы әкімдігінің бастамасымен 2019 жылдың қыркүйек айынан бастап пилоттық жоба аясында НЗМ стандарттары қаланың сегіз шалғайдағы мектептерінде енгізілуде.№7, №195, №186, №193, №184 мектептерде семинарлар, мастер-кластар, ашық сабақтар ұйымдастырылды.

Сонымен қатар, дарынды оқушыларды қолдаудың жаңа шараларын енгізу, сондай-ақ білім беру қызметіне, әсіресе физика-математикалық, инженерлік бағыттар бойынша және химия, робототехника, бағдарламалау саласында жаңа IT шешімдерін енгізу перспективалары талқыланды. Бұл шаралар оқушылардың бәсекеге қабілеттілігін арттыруға және еңбек нарығының өзгермелі талаптарына дайындауға мүмкіндік береді.

Талқылау қорытындысы бойынша әкімнің орынбасары, Алматы қаласындағы физика-математикалық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебі қамқоршылық кеңесінің төрағасы Ержан Жалбақұлы ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Н. Назарбаев атындағы мектептерде ұлттық білім беру сапасын арттыру үшін барлық жағдай жасалғанын атап өтті. Қала әкімдігі өз кезегінде білім беру инфрақұрылымының сапасын одан әрі жақсарту бойынша қажетті қолдау шараларын көрсетеді.

Сонымен қатар, Қамқоршылық кеңес мүшелері мектептің кабинеттік қоры мен ғылыми базасының жұмысын тексеріп, зертханалар, физика, химия, робототехника кабинеттері, оқу телестудиясы, оранжерея, кітапханаларды көріп шықты.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий