Педагог беделі – білім сапасының кепілі

Дамыған елу елдің қатарында болу – еліміздің даму стратегиясының басты саясаты. Елдің дамығандығының белгілері ғылым мен техниканың, экономиканың жетістіктері болса, мұның барып тірелер жері – білім, ал білім беру тетігі – мұғалім. Қазіргі тұлғалардың қайсысын алсаңыз да білім берген мұғаліміне еліктеп, үлгі алды. Тіпті мұғалім болуды армандады.

Мұғалім – елдің болашағын көркейтіп, рухын биікке көтеретін, жас ұрпақты тәрбиелейтін жауапкершілігі мол киелі мамандық. Ондай мамандық иесі әрқашан да өресі биік болып, сөйлеген сөздері мен ойынан ілтипат пен парасат әлемі көрінетін, бойы жақсылыққа толы, мейірімді, білімі біліктілікке ұласқан ізденімпаз, елжанды, адамгершілігі жоғары адам болуы керек.

Мұғалім қызметінің ерекшелігі оқыту мен тәрбиелеу барысында пайда болған қарым-қатынасты басқару. Мұғалім көптеген нақты жағдайда қысқа уақыттың ішінде ең дұрыс педагогикалық шешімді таба білуі тиіс, ал мұның өзі әрқашан күрделі. Түптеп келгенде, қоғам мұғалімге ерекше жауапкершілік жүктейді. Мұғалім баланың білімін, икемділігін, әдетін, мұратын және өмірлік мақсатын қалыптастырады. Тәуелсіз еліміздің жас жеткіншектеріне сапалы білім мен саналы тәрбие беру ісі ең алдымен мектептегі мұғалімдердің білімі мен біліктілігіне байланысты. Сондықтан білім сапасының кепілі ретінде педагог мамандарының біліктілігі мен беделін, әлеуметтік мәртебесін арттыру қажет.

Ұстаз мамандығының беделін арттыру кез-келген мемлекеттің білім беру саясатының басты бағыттарының бірі болып саналады. Елбасы Жолдауындағы педагог мәртебесін көтеру туралы хабар тек ұстаздар қауымын ғана емес, барлық қоғам мүшелерін қуантты десе де болады. Өйткені қабылданған жаңа заңда педагогтың әлеуметтік мәртебесін көтеретін стимулдар, оқу жүктемесін азайту, қажетсіз тексерістерді азайту, жалақысын көтеру мәселелері көрініс табатыны белгілі болды.

Бұл мәселені мемлекет тарапынан қолға алу үшін Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың және Білім және ғылым министрлігінің бастамаларымен елімізде білім беру саласын заманауи талапқа сай реформалауға бағытталған маңызды іс-шаралар жүзеге асырылуда. Қазақстан Республикасы «Педагог мәртебесі туралы» Заңының қабылдануы еліміздің білім саласын жаңа сапалық деңгейге көтеруге, мұғалімдердің абырой-беделін арттырып, құқығын қорғап, оларды шығармашылық ізденістерге бастайтыны анық.

Заңда педагог кадрлардың мәртебесін арттыру, олардың мансаптық өсуі, оқытылуы және кәсіби біліктілігін дамытуды қамтамасыз ету, сондай-ақ педагогтердің еңбегін мемлекеттік қолдау мен ынталандыруды арттыру мәселелеріне үлкен мән берілген. Осыған байланысты қазіргі таңда еліміздің білім беру жүйесіндегі реформалар мен сыңдарлы саясаттар, өзгерістер мен жаңалықтар әрбір педагог қауымының ойлауына, өткені мен бүгіні, келешегі мен болашағы жайлы толғануына, жаңа идеялармен жаңа жүйелермен жұмыс жасауына негіз болары анық.

Ұлы ағылшын ағартушысы Уильям Уорд: Жай мұғалім хабарлайды, Жақсы мұғалім түсіндіреді, Керемет мұғалім көрсетеді, Ұлы мұғалім шабыттандырады,- дейді. Ендеше білім алуға құштар жанды шабыттандыру нағыз ұстаздың, ұлы ұстаздың ғана қолынан келетін іс. Өйткені қазіргі жас буын – еліміздің келер күнгі келбеті, болашағы. Егеменді еліміздің өсіп келе жатқан ұрпағын ойлы да іскер, жігерлі де батыл, өзіне сенімді, интеллектуалдық деңгейі биік, дүние танымы қалыптасқан азамат етіп тәрбиелеуде мектептің алатын орны да ерекше.

Ал, мектептегі мұғалімнің басты қызметі жаңа қоғамға сай білімді, көкірегі ояу, тәрбиелі, әр уақытта еліне қызмет ететін білікті тұлға қалыптастыру болса, негізгі міндеті қазіргі кездегі жаңа оқыту мен тәрбиелеу технологияларын меңгеріп, өзінің кәсіби біліктілігін әрі қарай дамыту. Сондықтан да әр педагогтың жемісті еңбек ете алатын, өзінің қабілеттері мен мүмкіндіктерін жүзеге асыратын жағдайлар туғызу қажет. Сол мүмкіндіктерді ел игілігіне бағыттап, ел болашағына өз үлестерін қосатын ұрпақ тәрбилейтін педагогтардың қатары көбейетініне сенімдімін.

Ақмарал МЫРЗАШЕВА,
№141 жалпы білім беретін мектептің
ағылшын тілі мұғалімі, Алматы қаласы

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Педагог беделі – білім сапасының кепілі

  1. “Устаздык еткен жалыкпас,уйретуден балага “-дегендей бойындагы бар билимин шакирттерине берип журген осындай устаздарымыздын енбеги жана берсин.Ракмет сиздерге.

Добавить комментарий