Өскеменде балалар үйінен қашып кеткен жасөспірімдерді 120 адам іздеді

Өскемен қаласының полицейлері кәмелетке толмаған екі бозбаланы балалар ауылына қайтарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

 

– 11 наурыз күні сағат 9.00-де «102» арнасына балалар ауылындағы екі тәрбиеленушінің қашып кеткені туралы хабар түскен. Іздестіру шараларына 120 адам, оның ішінде тәртіп сақшылары, 5518 әскери бөлімінің сарбаздары және балалар ауылының қызметкерлері тартылды. Олар із-түзсіз жоғалғандардың туыстарымен байланысқа шығып, саяжайлардың аумағын тексеріп шықты, – деп хабарлады қалалық Полиция басқармасының баспасөз қызметі.

Нәтижесінде, полицейлер жоғалған бозбалаларды қала шетінен тапқан. Екеуі де балалар ауылына аман-есен жеткізілді.

Жөсөспірімдердің айтуынша, олар бірге оқитын баланың Семейдегі апайының үйіне бет алған.

Қазіргі уақытта ювеналды полиция оларға қатысты тиісті шараларды жүргізуде.

 

 

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий