Өскеменде Абай мерейтойына орай «Көзімнің қарасы» атты көрме ашылды

ШҚО Өнер музейінде ұлы ақынның 175 жылдығы аясында «Көзімнің қарасы» атты суретшілер көрмесі ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Көрмеге Нұр-Сұлтан, Балқаш, Алматы, Өскемен, Семей қалалары мен Аягөз, Жарма, Катонқарағай, Тарбағатай аудандары суретшілерінің 49 туындысы қойылған. Шараның ұйымдастырылуына «Жаңғыру» шығармашылық бірлестігі мұрындық болып отыр.

 

– Бірлестігіміз 2019 жылдың желтоқсан айында жұмысын бастаған. Суретшілер көрмеге қойылған туындыларын 2 ай бойы салды. Осы арқылы жастарға хакімнің шығармашылығын насихаттап, Абай туған өңірдің қасиетін, көркем табиғатының құпиясын ашқымыз келді, – дейді бірлестік жетекшісі, Қазақстан суретшілер одағының мүшесі Құдаш Нұрсадықов.

Көрме сәуір айының ортасына дейін жалғасады.

 

 

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий