СҚО-да биыл «Серпін» бағдарламасымен 203 студент диплом алады

Солтүстік Қазақстан облысында биыл «Серпін» бағдарламасымен 203 студент диплом алып шықса, оның тең жартысы болашақ ұстаздар, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

СҚО Білім басқармасының мәліметінше, биыл бітіретін 102 жас маман 12 педагогикалық мамандықты игеріп шығады. Қазіргі таңда өңірде білім беру мекемелерінде кадр тапшылығы жоқ. Алайда жылдағы көші-қонға байланысты жаңа оқу жылында 99 қазақ тілді маманға сұраныс тумақ. Қазір бұл орындарда негізінен зейнет жасындағы мұғалімдер жұмыс істеп жатыр.

– Қазірдің өзінде «Серпін» бағдарламасымен бітіретін биылғы жас мамандардың 90% 10 педагогикалық мамандық бойынша жұмысқа алынады деп айта аламыз. Бұл әзірше, алдын ала болжам. Негізгі көші-қон мамыр-маусым айларында, демалыс уақытында жүреді. Сол кезде облысқа қанша мұғалім қажет екендігі белгілі болады. Түлектердің жартысынан астамы оқуларын магистратурада жалғастыруды жоспарлаған, – дейді СҚО Білім басқармасының жетекшісі Гүлмира Кәрімова.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий