Оқу мен жұмысқа арналған ​​5 онлайн-платформа

Әлемде тарап жатқан індетке байланысты қазір барлық оқу орындары қашықтан оқу режиміне ауысты. Сонымен қатар, көптеген адам үйден жұмыс істей бастады. Бүгін оқу мен жұмыс барысында пайдалы 5 онлайн-платформаны ұсынамыз, деп жазады massaget.kz

  1. Zoom – онлайн мәжіліс өткізуге арналған платформа. Бұл сервисте 40 минутқа дейін жазба жұмысын жүргізуге болады. Видеолардың санына шектеу жоқ. Алдымен тіркеліп, кейін өзге қатысушыларды бір топқа қосу үшін оларға шақырту жібереді.
  2. Microsoft Teams – бұл сөйлесу негізінде құрылған кеңістік. Платформада топтық электронды пошта, күнтізбе, құжаттар мен өзге де элементтерді өндеу мүмкіндігі бар.
  3. Google Classroom – дәріс өткізуге арналған танымал платфома. Бұл үшін тек Googlе сервисіне тіркелу қажет. Платформада қажетті құжаттар, тапсырмалармен бөлісіп, дайын жұмыстарды жинап, оларды бақылауға болады.
  4. Google Hangouts – хабарламалар алмасуға арналған платформа. Бұл жерде SMS-жазбалар және видео түсірілімдермен бөлісуге болады. Hangouts екі адамнан бастап жүз адамға дейін адамға дейін топ құруға мүмкіндік береді. Android пен iOS жүйелеріне арналған мобильді нұсқасы бар.
  5. ClickMeeting – онлайн мәжіліс пен вебинар өткізуге арналған платформа. Жеке парақша құрып, сол арқылы топтық жұмысқа қосылуға болады. Бір топқа тек 4 адам қосыла алады. Аудио мен видео құжаттарды барлық қатысушы еш қиындықсыз жүктей алады.

 

 

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий