ҚМУ мен ҚМПУ қосылады

Бүгін А.Байтұрсынов атындағы ҚМУ ректоры Алма Дощанова БАҚ өкілдерімен өткен брифингте ЖОО-ның алдағы бес жылдағы даму бағдарламасын таныстырды, – деп жазады QOSTANAI TAŃY газетінің сайты.

Көптеген өзгеріс Ахаң атындағы ҚМУ мен Ө.Сұлтанғазин атындағы ҚМПУ-нің біріктірілуімен тікелей байланысты. Ректор мәлімдегендей, облыс орталығындағы екі білім ордасы қосылып, А.Байтұрсынов атындағы аймақтық мемлекеттік университетке айналады. Мұндағы мақсат – білім сапасы ғана емес, ғылыми зерттеу деңгейі бойынша республикадағы ең үздік ЖОО атану.

Бесжылдық жоспардың жаңашылдықтарының қатарында оқытушылар жалақысын көтеру және бағдарламаны жаңарту міндеттері бар. ЖОО жанынан барлық мамандық бойынша біліктілік емтихандарын қабылдайтын Жұмыс берушілер кеңесі құрылмақ. Мұның сыртында, 2021 жылы университеттің меншікті үлгісіндегі дипломдары беріле бастайды. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында 500 орындық жаңа жатақхана салу да жоспарға еніп отыр.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий