Химия ғылымдарының докторы Роза Жалмаханбетова жапондық Мацумае Халықаралық қорының жеңімпазы атанды

Қолданбалы химия институтының (директор Ерлан Сүлеймен) жетекші ғылыми қызметкері, химия ғылымдарының докторы Роза Жалмаханбетова дүниежүзінен елуден астам мемлекеттен қатысқан ғалымдардың арасынан іріктеліп, Жапония елінің Мацумае Халықаралық қоры грантының жеңімпазы атанып, 2019 жылдың 1-қыркүйегінен 2020 жылдың 29-ақпан аралығында алдыңғы қатарлы университеттерінің бірінде ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізді, – деп хабарлайды Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ресми сайты.

Мацумае Халықаралық қорының президенті профессор Toshiaki Hashimoto марапаттау сәтінен

Мацумае Халықаралық қоры – әлем үшін халықаралық байланыстарды дамытуды қолдау жапон институты. Қордың түпкі мақсаты мәдени байланыс орнату және достық пен тығыз сенімді қарым-қатынас арқылы Жапонияның білімі мен түсінігін тереңдету үшін белсенді көрнекті зерттеушілерді тарту болып табылады. Осы грант шеңберінде ғылыми-зерттеу жұмыстары Қазақстан аумағында өсетін өсімдіктердің құрамынан флавоноидтарды бөліп алуға бағытталды. Роза Жалмаханбетова табиғи қосылыстарды зерттеумен көптеген жылдар бойы айналысады.

Ғылыми зерттеу жұмыстары Жапонияның Гифу фармацевтикалық университетінде жүргізілді. Бұл жоғары оқу орны (GPU) – жапон қоғамдық университеті, Гифу қаласында орналасқан. Алғашқыда Фармация мектебі ретінде 1932 жылы ашылған, ал 1948 жылы университет атын иеленді. Алты жылдық оқу бағдарламаcы бар аталмыш оқу орны студенттерге ғылымда берік негіз алуға және практикалық жұмысқа дайын болуға көмектесу үшін сыни ойлауды, белсенді оқытуды және клиникалық тәжірибе алуын көздейді.

Осы университет базасында Қазақстан аумағынан жиналған шикізаттарға терең химиялық зерттеулер жүргізілді. Нәтижесінде бірқатар жаңа нәтижелер алынып, алдағы уақытта зерттеу нәтижелері жоғары деңгейлі халықаралық басылымдарда жариялану көзделуде. Зерттеуге алынған шикізат түрлері 2019 жылы тамыз айында бір топ ғалымдармен ұйымдастырылған экспедиция нәтижесінде әзірленді.

(www.enu.kz/info/zhanalyktar/57907/?sphrase_id=2325327). Ғылыми зерттеу зертханасында

Ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізумен қатар, Жапония мемлекетінің тарихын, мәдениетін, дәстүрін терең танып білуге мүмкіндік болды.

Ғылым мұражайында

Филиппин, Үндістан, Камерун, Мысыр, Босния және Герцеговина, Тунис, Бангладеш, Эфиопия мемлекеттерінің ғалымдарымен қарым-қатынас орнатылды.

Мацумае Халықаралық қоры стипендиаттарының бір тобы

Жалмаханбетова Роза Илемісқызына лауреаттың атаулы медалі мен төсбелгісі табысталды. Сонымен қатар ғылыми зерттеу жұмыстарын сәтті аяқтауына байланысты сертификатпен марапатталды. Қолданбалы химия институты, директоры химия ғылымдарының кандидаты, PhD Сүлеймен Ерлан Мэлсұлының басшылығымен химия саласында белсенді дамып келе жатқан ғылыми орталық болып табылады, Қазіргі заманғы жабдықтармен жабдықталған, кең халықаралық байланыстары бар. Жұмыс нәтижесі бойынша институт 2014-2015 жж. барлық ҒЗИ арасында жоғары санатты, ал қазіргі уақытта бірінші санатты болып табылады.

Қазіргі уақытта Қолданбалы химия институтында “Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы” атағының 3 иегері, Мацумае қорының 3 лауреаты (Жапония) – Сүлеймен Е.М. және Ибатаев Ж.А. (http://www.enu.kz/info/zhanalyktar/55403/), Эрасмус Мундос және ДААД қоры грантының 3 иегері жұмыс істейді. Жас ғалымдарға және Қолданбалы химия институтына ғылымда шығармашылық табыстар тілейміз!

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий