Инклюзивті білім беру – оқытудың өзгеше жүйесі

Қазақстан Республикасы білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған  мемлекеттік  бағдарламасында жалпы білім беретін мектептердегі инклюзивті оқыту білім беруді дамытудың негізгі міндеттері қатарына қойылған. Инклюзивті білім беру ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды жалпы білім процесіне толық енгізуге және әлеуметтік бейімдеуге, ата-аналарды белсенділікке шақыруға, оларға қолдау көрсетуге бағытталған.

Бүгінгі таңда ерекше  білім беруді қажет ететін балаларға жағдай жасалып, оларды  дамытуға ерекше мән берілуде.  Жалпы орта білім беретін  мектептердегі оқушылармен қатар, ерекше білім беруді қажет ететін балаларды оқыту өзекті мәселеге айналуда.                       

Осы талаптарды еңсеру мақсатында жақында «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы «БҚО ПҚБАИ» ұйымдастыруымен, Орал қаласының №50 ЖОББМ базасында пән мұғалімдеріне арналған 40 сағаттық «Инклюзивті білім беруді дамыту жағдайындағы білім беру ортасының мазмұны» тақырыбында курс ұйымдастырылды. Курсқа Бөрлі ауданының, Орал қаласының мұғалімдері қатысты.

Курс тренері Рысханым Қуанаеваның  дәрістер мен тәжірибелік сабақтарды  қызықты етіп ұйымдастыруының нәтижесінде, инклюзивті білім беру жағдайында ерекше қажеттіліктері бар оқушыларды оқытуды, тәрбиелеуді, дамытуды, әлеуметтік  бейімдеуді  педагогикалық қолдау бойынша ақпараттармен танысып, теорияны тәжірибемен ұштастыра алдық. Сонымен бірге, ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды қолдауға арналған жеке бағдарламаларды жасақтау, қысқа мерзімді жоспар құрудағы ерекшелік, зерттеу формалары, сабақта қолданылатын ресурстады және материалдарды саралау мен оқытудың жаңаша әдіс-тәсілдерін зерделедік.

Аз уақытта құнды материалдарды игеріп, инклюзивті білім берудің қыр-сырын зерттеуге мүмкіндік жасаған, «Ойлан – жұптас – бөліс» әдісі арқылы тыңдаушыларды жұдырықтай жұмылдыра білген білікті аға оқытушы Рысханым Сағынбайқызына алғысымыз шексіз. Сондай-ақ, үнемі ауыл мұғалімдерінің білімін жетілдіріп, жаңалықтың жаршысы болуына  жағдай жасап отыратын «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы «Батыс Қазақстан облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты» ұжымына шынайы ризашылығымызды білдіреміз.

 

Ләззат ИСАҒАЛИЕВА,
№4 ЖОББМ мұғалімі,
Ақсай қаласы,
Бөрлі ауданы

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий