Сыннан сүрінбей өтейік!

Алпауыт елдерді аямай шарпыған кесапат Қазақстанға да келіп жеткенде бәріміздің ниетіміз бір – кең байтақ жеріміздің иесі болып отырған халқымызды, бірлігі жарасқан елімізді сақтай гөр жаратқан, деген тілеу ғана! Кеңес заманының озбырлығы мен зұлмат соғыстарынан ойсырай өткен халқымыз үшін бұл апат деп айтуға келмес. Қазіргі сынақ биліктің талабына орай қатаң тәртіп сақтап, әр азамат жауапкершілігін түсінсе, қиындықтан өтіп кетерімізді біліп те, көріп те отырмыз.

Бұл ахуал Қазақстанның білім беру жүйесін де сынаққа салуда. Алдымен студенттерімізді, енді мектеп оқушыларын түгелдей қашықтықтан оқытуға көшіруде оқу министрінен қарапайым оқытушыға дейін жауапты міндет алып отырмыз. Қашықтықтан оқытудың тәжірибесін жоғары оқу орнының профессор-оқытушылары үлкен жауапкершілікпен бастап кетті. Нәтижесі көңіл толарлық, тіпті мақтанарлық деп, айтар едім. Бұл асудан абыроймен өтерімізге сеніміз мол.

Қазір ең бастысы – студент жастарға, ел азаматтарына, қарапайым халқыма айтарым, мемлекетіміз дер кезінде қабылдаған шараларды, Елбасының ауызбіршіліке шақырған бастамаларын барынша қолдайық. Қиын-қыстау кезеңде әркім өз қызметін адал атқарып, қоғамдық тәртіпті қатаң орындағанда ғана еліміздің амандығын сақтап қалатын күн туды ағайын!

Сәуле САҒЫНТАЕВА,

АЭжБУ ректоры, профессор

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий