Зияткерлер спорттық челленджге қолдау көрсетті

Қызылорда қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары мен ата-аналары төтенше жағдай режимі кезінде үйде спортпен шұғылдануға шақырады. Сырбойылық зияткерлер ата-аналарымен бірге отбасылық эстафеталар, үстел теннисі, тоғызқұмалақ және шахматтан кішігірім турнирлер ұйымдастыру арқылы күнделікті өмірлерін ерекше өткізуге тырысады, – деп хабарлайды осы білім ордасының баспасөз қызметі.

– Коронавирустық пандемия кезінде отбасымызбен бірге өз қауіпсіздігіміз үшін үйден шықпауға тырысамыз. Әр күнімізді көңілді әрі пайдалы өткізу мақсатында ең үлкен бөлмені спорт залға арнадық. Өз қолымызбен үстел теннисін құрастырып, бүгінде бұл отбасымыздың барлық мүшелерінің сүйікті ісіне айналып отыр, – дейді ата-аналардың бірі Кенже Ажмолда.

 

Мұндай әрекеттерімен мектеп белсенділері барлық қазақстандықтарды спорттық челленджге қолдау көрсетіп, бос уақыттарын тиімді өткізуге шақырады. Айта кету керек, алғашқы болып жаңа спорттық марафонды мәдениет және спорт министрлігі бастаған болатын. Бүгінде оның ауқымы кеңейіп, үйде бос отырмай, спортпен айналысуды қалайтындар саны артуда.

 

 

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий